Nomad Stunts каскадерлар тобы Хоакин Феникс басты рөлді сомдаған «Наполеон» фильмінде бой көрсетті!

11 июля 2023

Қазақстандық каскадерлар тобы тағы бір шетелдік жобада бой көрсетті. Әлемге әйгілі Nomad Stunts голливуд жұлдызы Хоакин Феникс басты рөлді сомдаған «Наполеон» фильміне түсті. Күні бүгін алғашқы трейлері жарық көрген тарихи лентада Nomad Stunts трюктар қойып, басты кейіпкерлердің образына каскадерлық еткен. Режиссер Ридли Скоттың картинасына отандық жігіттер арнайы шақырту алған.

Жаңа фильмнің әлемдік тұсаукесері 22-қарашаға жоспарланып отыр. Ауқымды кинолентаға өз үлестерін қосқан Nomad Stunts каскадерлерін көру үшін премьераны асыға күтетін боламыз.

https://www.youtube.com/watch?v=OAZWXUkrjPc

Еске салсақ, Nomad Stunts жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов таяуда ғана Джеки Чанның фильмінің түсірілім алаңында болып қайтты.   


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @esquirees

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше