Instagram желісінде @qazaqstan атауымен Қазақстанға арналған жаңа парақша ашылды. Алғашқы екі пост әлемге әйгілі музыкант Димаш Құдайберген мен жаһандық креатор, WIBA Awards Best Travel Blogger 2026 сыйлығының иегері Дастан Мұхамедрахимовтың аккаунттарымен бірлесіп жарияланды.
Бұл парақшаның Instagram желісіндегі Қазақстанның ресми өкілдік алаңына айналуы мүмкін екенін аңғартады. Алғашқы жарияланымдардың танымал қазақстандық тұлғалармен бірлесіп шығуы да осы болжамды күшейте түсті.
Жаңа аккаунт алдағы уақытта Қазақстанның мәдениетін, туризмін, жетістіктері мен халықаралық бастамаларын насихаттайтын негізгі цифрлық платформалардың біріне айналуы ықтимал. Алайда әзірге парақшаның ресми мәртебесіне қатысты нақты мәлімдеме жасалған жоқ.