«Өш-2: Қарындас» – әділдік іздеген жанның жанайқайы – қоғамды ойландырған фильм отандық көрерменге жол тартпақ
Фото. «ӨШ 2: Қарындас» фильмінің ресми постері. Автор. IZIBIZ PRODUCTION.

«Өш-2: Қарындас» – әділдік іздеген жанның жанайқайы – қоғамды ойландырған фильм отандық көрерменге жол тартпақ


Қазақстан кинонарығы тағы бір қырғызстандық тың жобамен толықпақ. Шынайы оқиғаға негізделген «Өш-2: Қарындас» триллер-драмасы Орталық Азиядағы ең көп талқыланған әрі көрермен сұранысына ие фильмдердің біріне айналып үлгерді.

Картина сюжеті 2004 жылы Қырғызстанның шағын өңірлерінің бірінде болған жан түршігерлік оқиғаға негізделген. Фильм жарыққа шыққан сәттен бастап қоғамда үлкен резонанс туғызып, әлеуметтік мәселелерді батыл көтерген жобалардың қатарына енді.

Көрерменді терең ойға жетелейтін туынды отбасылық трагедияға тап болған ер адамның тағдыры төңірегінде өрбиді. Қарындасына жасалған ауыр қылмыстан кейін әділдікке қол жеткізе алмаған басты кейіпкер заңнан үміт үзіп, кекті өз қолымен қайтаруға бел буады. Осылайша жеке бастың қасіреті қоғамдағы әділетсіздікпен күреске ұласады.

«Өш-2: Қарындас» тек шиеленіске толы триллер ғана емес, әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық, қоғамдағы немқұрайлылық пен жазасыздық мәселелерін көтеретін маңызды әлеуметтік драма. Фильм көрерменді әділдік, ар-ождан және адамгершілік шекарасы туралы терең ойға жетелейді.

Толықметрдің Қазақстандағы премьерасы 14 мамыр күні өтеді.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше