Өзіңе адал болуға үндейтін музыкалық манифест: Yenlik жаңа «time» синглін ұсынды
Фото. Instagram @yenleak.

Өзіңе адал болуға үндейтін музыкалық манифест: Yenlik жаңа «time» синглін ұсынды


Yenlik-те жаңа кезең! Музыкант араға жарты жыл салып репертуарын толықтырды. Әрдайым ізденісте жүріп, шығармашылығындағы жаңашылдықты ұнататын әнші «time» атты мүлде өзгеше форматта сингл ұсынды. Еске салсақ, композияция — өнерпаздың Colors релизінен кейін шыққан алғашқы жұмысы.

Жаңа музыкалық туынды адамның өз болмысын сақтап, сыртқы пікірлердің жетегінде кетпеуі туралы ой қозғайды. Әнде қазіргі қоғамда жиі кездесетін мәселе — өзгенің бағасы мен көзқарасына тәуелді болу тақырыбы көтеріледі.

Yenlik-тің айтуынша, тректің негізгі миссиясы — адамдарға өз дауысына сенуді еске салу. Өнерпаз үшін композициядағы ең маңызды ойлардың бірі — әркімнің өз ішкі әлемін өзгеге таңуға бейім екендігі туралы жолдар:

«Әннің мағынасы, әдеттегідей, адамға шабыт беру, оны өзгенің ойы мен пікіріне ермеуге, өз сенімдеріне берік болуға шақыру. Қазір өзгенің пікірінің ықпалына түсіп кету өте оңай. Сондықтан адамдар өз көзқарасын сақтап, өз болмысын жоғалтпауы маңызды», — дейді музыкант.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше