Пайеткамен көмкерілген жылтыр сөмкені күнделікті образдармен үйлестіріңіз
Фото. Spotlight; Shutterstock. Автор. Nadezda AUDIGIE

Пайеткамен көмкерілген жылтыр сөмкені күнделікті образдармен үйлестіріңіз

16 апреля 2026

Сәнді әрі жарқыраған элементтер күнделікті образдарды бірден түрлендіріп, оларға тереңдік пен ерекше көңіл күй сыйлайды. Мұндайда жылтыраған аксессуарлар таптырмас көмекші бола алады. Олар қарапайым киім үйлесіміне салтанат, ойнақылық және көз тартарлық жарқыл қосады. Егер сіз минималистік аутфиттерді өзгеше етіп көрсетудің оңай жолын іздеп жүрсеңіз, онда оны таптыңыз деуге болады. Пайеткамен безендірілген жылтыр сөмкелерді күнделікті образдарға қалай үйлестіруге болатынын бірге қарастырайық. Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұсынған мақаладан көре аласыз.

Жеңіл әрі еркін образ

Қала ішінде серуендеуге мұндай образ өте сәтті келеді. Жеңіл жейде, белдемше және торлы тоут-сөмке мегаполис фонында қаншалықты үйлесімді көрінетінін көз алдыңызға елестету қиын емес. Бұл үйлесімге шәркей, күннен қорғайтын көзілдірік және, әрине, сәнді қалпақ мінсіз жарасады.

Кәдімгі образға ерекше реңк қосыңыз

Street style жұлдыздарынан алынған шабыт әрдайым ерекше әрі тосын көрінеді. Спорттық және элегантты стильді күнделікті өмірде де өте сәтті үйлестіруге болады. Мәселен, мұндай аутфитпен достармен кездесуге, киноға немесе шағын кешке баруға әбден болады.

Нәзік әрі кокеткалық көңіл күй

Бел сызығын айқындайтын жейде мен капри-шалбар — өте қызықты әрі сәнді үйлесім. Бұл образды шағын өкшелі мюли, акцентті кулон және ірі пайеткамен көмкерілген сөмке толықтыра түседі. Нәтижесінде нәзік, бірақ назар аудартатын сәнді образ шығады.

Кеңсеге де жарасады

Жылтыр сөмкелерді тек кешкі образдарға ғана емес, кеңсеге де батыл түрде алып баруға болады. Тіпті керек десек те артық емес. Өйткені жұмыс күндеріне аздап жарқыл мен көңіл күй қосу — кейде ең дұрыс шешім. Ал демалысқа жиналғанда, жылтыраған шопер жағажайға арналған образдардың да логикалық әрі сәнді жалғасына айналады.

Date Night

Әсерлі образсыз қандай кездесу болсын? Сексуалды силуэттегі көйлекті жеңіл джинсы жакетпен, шағын жылтыр сөмкемен және сақина пішінді сырғамен толықтырыңыз. Ал вьетнамканы қалауыңызша ашық босоножкиге немесе классикалық туфлиге алмастыруға болады.

Sporty With a Twist

Бұл — спорттық элементтердің күнделікті киіммен шебер үйлесе алатынының тағы бір дәлелі. Ең бастысы — шектен шықпай, образдың тепе-теңдігін сақтау. Ыңғайлы гардероб бөлшектері практикалықты жақсы көретін, бірақ сонымен бірге аутфитіне ерекшелік қосуды ұнататын жандардың стиліне тамаша сай келеді.

Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше