Бір қадам алға: көктем мен жазда бұл тренд аяқ киімді бәрі іздейді
Фото. Spotlight

Бір қадам алға: көктем мен жазда бұл тренд аяқ киімді бәрі іздейді

08 апреля 2026

Етік, бәтеңке, тіпті лоферлер де өз жұлдызды сәтін күзге дейін күтеді. Ал осы арада көктем-жаз маусымының ең тренд аяқ киімі позицияны біртіндеп бағындырып келеді. Фэшнқұмарлар сандалдарға, мюлилерге және босоножкаларға қайта оралғанына қуанышты, бірақ біздің іріктемеге енген жұптар мұнымен шектелмейді. Harper’s BAZAAR Kazakhstan осы маусымның Сән апталығындағы басты көрсетілімдерін еске түсіріп, ең қызу тенденциялар туралы әңгімелейді.

«Ілмекке ілігу»

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Calvin Klein, көктем-жаз 2026

Осы маусымда дизайнерлер аяқтың бас бармағына екпін түсіргісі келді. Сол үшін олар жазық табанды тәпішкелер мен босоножкаларды бармаққа арналған ілмекшемен «жабдықтады». Бұл қызық акцентті толыққанды аксессуар деуге болады.

Көзге түспеу

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Celine, көктем-жаз 2026

Қазір кейбір брендтер «жалаң аяқ» әсерін беретін аяқ киім шығарып жүр. Әрең білінетін бауы бар сандалдар да (кемі визуалды тұрғыдан) осы міндетті атқарады. Елеусіз модельдерді талай маркадан таба аласыз: таңдағанда өзіңіздің тері түсіңізге не күнге күйген деңгейіңізге сүйеніңіз.

Массивті вьетнамкалар

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Balenciaga, көктем-жаз 2026

Вьетнамкалар — 2025 жылдың жазының хиты — тағы да басты трендтердің қатарында. Алайда енді фэшн құмарлар мінезі бар, массивті жұптарға назар аударады. Бұл шағын танкеткадағы тәпішкелер де, дөрекі пішінді сандалдар да болуы мүмкін.

Жылан принті

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Burberry, көктем-жаз 2026

Жылан принтін қазірдің өзінде классика деуге болады: соңғы бірнеше жылда ол сән хит-парадтарынан түскен емес. Биыл бұл өрнек образға жыртқыштық қосқысы келетіндердің назарын қайтадан өзіне аударады және бұл — ең оңай тәсіл.

Х-тәрізді бауы бар сандалдар мен тәпішкелер

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Miu Miu, көктем-жаз 2026

Мұндай модельдер тек практикалықты ғана емес, абсолютті жайлылықты да кепілдейді. Саяхат жоспарлап, көп жаяу жүретініңізді білсеңіз, мұндай сандалды міндетті түрде өзіңізбен бірге алыңыз. Олар балықшы сандалдарының орнын басты және дәл сондай көлемді жанкүйерлер армиясын жинауға әбден қауқарлы.

Өрілімдер

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Ralph Lauren, көктем-жаз 2026

2025 жылы өрілген аяқ киім Bottega Veneta мен Jil Sander шоуларында бой көрсетті. Ал 2026 жылғы көктем-жаз Сән апталығында бұл тенденцияға жүгінген брендтер саны бұрынғыдан да көп болды және қателеспеді. Мұндай бұйымдар өте әдемі әрі өршіл көрінеді.

Танкетка өкшелі мюли

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Zimmermann, көктем-жаз 2026

Көктем-жаз маусымының тренд аяқ киімі мұнымен шектелмейді. Болжап жүргеніміздей, қуаты бәсеңдесе де, бохо стилі өзін еске салуын жалғастыруда. Мәселен, танкетка өкшелі мюли арқылы. Мұнда әрі ықшам модельдер, әрі жайлылық үшін бауы бар жұптар бар.

Сүт түстес реңктер

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Gabriela Hearst, көктем-жаз 2026

Сүт түстес реңктер бүкіл палитрада ең сұранысқа ие болды. Бұл да таңғаларлық емес: Pantone-ның 2026 жылға арналған болжамы бойынша Cloud Dancer реңкі ең танымал деп танылды. Бізге қалғаны — осы трендке еріп қана қою.

Көлемді гүлдер

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Proenza Schouler, көктем-жаз 2026

3D-гүлдер биыл нәзік босоножкаларда, сандалдар мен тәпішкелер бүршік жарып тұр. Табиғатты сүйетінін қайта-қайта білдіріп жүрген модельерлерге рақмет. Бірақ олар мұны әрдайымғыдай емес, өте жаңашыл түрде жасайды.

Балеттен шабыттану

Шаг вперед: самая трендовая обувь весенне-летнего сезона
Фото. Spotlight. Ferragamo, көктем-жаз 2026

Balletcore әзірге сән әлемінен кететін ойы жоқ. Бұған біз көктем-жаз Сән апталығында тағы да көз жеткіздік. Дегенмен қазір дизайнерлер бұл сахналық өнерге азырақ айқын ишара жасайды: бантикпен әрленген нәзік мюли мен босоножкалар қуыршақтай көрінеді. Дәл осындай әсерді брендтер командалары көздеген еді.

Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын осында оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше