«Қалмады басқа амалым»: ажырасқанын жақында ғана мәлімдеген Мақпал Исабекова жаңа трегін ұсынды
Фото. Instagram @makosyai

«Қалмады басқа амалым»: ажырасқанын жақында ғана мәлімдеген Мақпал Исабекова жаңа трегін ұсынды

Гүлдана Мұқан
13 марта 2026

Жеке өміріндегі өзгерістермен бөлісіп, таяуда ғана ажырасқанын мәлімдеген Мақпал Исабекова тыңдарманына жаңа музыкалық туындысын тарту етті. Соло шығармашылығына қайта ден қойған әнші репертуарын «Oñaldyñ» атты әсерлі лирикалық трекпен толықтырды. Жан сырын ақтарғандай әсер қалдыратын жаңа ән бірден көптің көңілін қозғады. Әсіресе туындыдағы:

«Оңалдың,

Оңалдың,

Ал маған не қалды?

Маған не қалды?», - деген жолдар әншінің ішкі күйін, жан жарасын және сағынышқа толы сезімін анық аңғартады.

Жаңа тректің авторы — Есбол Таспай. Ал әнге түсірілген бейнебаян көрерменді мұң мен естелікке толы ерекше атмосфераға жетелейді. Клипте Мақпалды қыстың қақаған аязында, табиғат аясында серуендеп жүрген сәттерінен көруге болады.

Сюжет желісінде әнші өткеннің жылы естеліктеріне оралып, тау баурайында түрлі сезімді бастан кешіреді. Сағыныш, өкініш, ішкі арпалыс пен қабылдау — бейнебаянның әр кадрынан сезіледі. Жеке өміріндегі күрделі кезеңнен кейін жарық көрген бұл әнді көпшілік әншінің жан күйінің музыкалық көрінісі ретінде қабылдап жатыр.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше