Жидек, алхоры және баклажан реңктері  — жазғы сәнге жаңа леп бермек
Фото. Арнайы коллаж. Авторлары: Spotlight. Balenciaga, Zomer, Luisa Spagnoli және Ferragamo.

Жидек, алхоры және баклажан реңктері — жазғы сәнге жаңа леп бермек

30 июня 2026

Жазғы гардероб әдетте сабырлы әрі әмбебап түстерге сүйенеді. Алайда акценттерге келгенде, сән ережелері өзгереді. Биыл дәл солай болды: күлгін түстің барлық реңктері маусымның басты трендтерінің біріне айналды. Ертеректе патшалардың, кейін тылсым әлемнің символы саналған бұл түс бүгінде дизайнерлердің ерекше ықыласына бөленді.

Қанық болғанымен көзді шаршатпайтын күлгінді сән үйлері бұрыннан-ақ қара түске балама ретінде ұсынып келеді. Сонымен қатар бұл реңк кез келген образға ерекшелік беруге қабілетті. Harper's BAZAAR Kazakhstan күлгін түске ерекше көңіл бөлген брендтерді еске алып, оны осы жазда қалай сәнді үйлестіруге болатынын ұсынады.

Ежевичный, сливовый и баклажан — этим летом носите все оттенки фиолетового
Фото. Spotlight. Balenciaga Resort'27

Күлгін реңктерге деген қызығушылық күз-қыс топтамаларынан-ақ байқалды. Chloé, Ferragamo, Luisa Spagnoli секілді сән үйлері бұл түсті коллекцияларында кеңінен қолданды. Valentino алхоры түстес белдемшелерді, Loewe баклажан реңкіндегі көйлектерді таныстырды. Ал Zomer қаражидек түстес реңкті көгілдірмен үйлестірсе, Balenciaga өз круиздік коллекциясында классикалық күлгін түсті басты акценттердің біріне айналдырды.

Күлгіннің «ең дұрыс» реңкі қандай екенін нақты айту қиын. Дегенмен дизайнер Пьерпаоло Пиччоли бұл түстің ерекше энергиясын өзгелерден жақсы сезінетіндей әсер қалдырады. Бір нәрсе анық: күлгіннің барлық реңктері жеке де, түрлі түстермен үйлескенде де сәнді көрінеді. Сондықтан оларды дәл қазір де киюге болады немесе келесі маусымға дейін сақтап қоюға болады — бұл уақытқа бағынбайтын сәнді инвестиция.

Күнделікті образ

Ежевичный, сливовый и баклажан — этим летом носите все оттенки фиолетового
Фото. Versace, Fabiana Filippi, Jeffrey Campbell, Monica Vinader және Ralph Lauren брендтерінің баспасөз қызметі.

Күлгін түспен жақын танысудың ең оңай жолы — осы реңктегі топ таңдаудан бастау. Ақ түсті шалбармен немесе белдемшемен үйлескенде образ сергек әрі ерекше көрінеді. Әсіресе гардеробыңыз бұрын тек қара мен ақ түстерден тұрса, бұл өзгеріс бірден көзге түседі. Вьетнамкалар жазғы еркін көңіл күй сыйласа, күдері тоут-сөмке мен алтын әшекейлер quiet luxury стилін нәзік түрде толықтырады.

Кешкі кездесулерге арналған ерекше образ

Ежевичный, сливовый и баклажан — этим летом носите все оттенки фиолетового
Фото. Michelle Mason, Giorgio Armani, Jacquemus, Off-White және Loveness Lee брендтерінің баспасөз қызметі.

Күлгін жібек көйлек қаладағы кешкі асқа да, теңіз жағасындағы демалысқа да бірдей жарасады. Биік өкшелі босоножкалар, көзге түсетін шағын сөмке немесе клатч образға сән береді. Ал иыққа жеңіл жабылған жакет сіздің бұл стильді еш күш жұмсамай-ақ таңдағандай әсер қалдырады.

Демалыс күндеріне арналған образ

Ежевичный, сливовый и баклажан — этим летом носите все оттенки фиолетового
Фото. Alaïa, Hermès, CHANEL, Jil Sander, Levi's брендтерінің баспасөз қызметі.

Демалыс күндері де күлгін түс күрделі үйлесімдерді қажет етпейді. Тік пішімді джинсы, кең жейде және күлгін реңктегі аяқ киім немесе белдік, орамал, сөмке брелогы сияқты аксессуарлар жеткілікті. Бірақ неге бір ғана акцентпен шектелу керек? Қаласаңыз, күлгінді образдың бірнеше бөлшегіне бірден енгізуге болады.

Үйге арналған әсем образ

Ежевичный, сливовый и баклажан — этим летом носите все оттенки фиолетового
Фото. Carine Gilson, Fleur Du Mal, Valentino Garavani, Sleeper, Spark Le Monde брендтерінің баспасөз қызметі.

Күлгін түс үй жағдайында да ерекше әсер сыйлайды. Әсіресе еш себепсіз-ақ сәнденгіңіз келген күндері. Өз көңіліңіз үшін, жақын адамыңыз үшін немесе жай ғана жақсы көңіл күй үшін. Сирень реңкіндегі кимоно-халат, шілтерлі іш киім, пижама шалбары немесе жайлы үй аяқ киімі бұл міндетті еш қиындықсыз орындайды.

Жағажайға арналған жеңіл образ

Ежевичный, сливовый и баклажан — этим летом носите все оттенки фиолетового
Фото. Sofia Erhan, Kaleos, Velante, Maison Michel, Tory Burch брендтерінің баспасөз қызметі.

Күлгін түстегі бикини — жазға арналған мінсіз купальник іздеуден шаршағандар үшін тамаша таңдау. Ал егер сүйікті купальнигіңіз әлдеқашан дайын болса, онда трендтегі күлгін реңктегі күннен қорғайтын көзілдіріктерге назар аударыңыз. Өйткені әдемі түстің де лайықты серіктері болуы керек.


Автор. Мария Машкова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше