RaiM біраз үзілістен кейін шығармашылығын қайта қолға алып, жаңа альбомының тизерін ұсынды. Бір қызығы хитмен видеоға жары Ерке Есмаханның тұңғышы Муслим мен кенжесі Исламды түсірген. Оған қоса, жаңа тректе 12 жасар Муслимнің ән салғанын байқай аласыз.

Ерке Есмахан RaiM-ға тұрмысқа шыққалы бері үлкен ұлының өміріндегі өзгерістері жайлы инстаграм парақшасында пост жариялап айтып берген еді:

— «Біз шаңырақ көтерген күннен бастап, Райм Муслимнің баскетболға құлшынысын арттыра бастады, ағылшын тілін дамыту үшін Англияда оқытты. Муслимнің тұйық мінезін ашудың жолдарын іздеді. Денсаулығына, араласатын ортасына, үйдегі тәрбиесіне қатты мән береді. Тіпті мектебіндегі ата-аналар чатында Райм отырады. Ең бастысы, осы кезге дейін сезінбеген «әке махаббатын» сезіндірді. Кішкентайынан ата-әжесімен бірге болған бала қазір, Аллаға шүкір, «Папа мама» деп толыққанды отбасында өсуде. Міне, бүгін Папасы Муслимге сыйлық жасап қуантты. Көлігің құтты болсын, балам. Ақылды жігіт бол. Үмітімізді ақта. Артыңнан ерген ініңе үлгі бол. Өзіме жақсы жар ғана емес, балаларыма керемет әке нәсіп еткеніне Аллаға әрқашан шүкіршілігімді аямай айтып отырамын.»

Ал RaiM әзірге көптен күткен үнтаспасының жарық көретін уақытын әлі жарияламады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @erke_esmahan

Поделиться: