Біз бахрома трендінің қайта оралатынын алдын ала болжаған едік — және қателеспеппіз. Көктем-жаз маусымына арналған сән апталықтарында дизайнерлер бұл сәндік элементтің сан алуан нұсқасын ұсынды. Бұл туралы Harper's BAZAAR España хабарлайды. Ең өзекті гардероб бөлшектері ретінде күртелер мен сөмкелер ерекшеленсе, көйлектер, белдемшелер мен шалбарлар да бұл үрдістен қалыс қалып жатқан жоқ. Толығырақ Harper’s BAZAAR Kazakhstan материалында.
Бахрома — 2025 жылы сән әлемінде үстемдік құрған бохо стилін еске салатын ең сәтті әрі уақтылы детальдардың бірі. Богемалық әрі ойнақы бұл элемент кез келген образға қозғалыс, жеңілдік және ерекше динамика береді. Оның үстіне, бахрома киімге бірден айқын акцент қосып, образды өзгеше етіп көрсетеді. Әсіресе, бахромалы сөмкелерге ерекше назар аударған жөн. Бұл қатарда минималистік клатчтар да, күнделікті стильге арналған ыңғайлы модельдер де бар. Егер сіз бахрома трендін гардеробыңызға дәл қазір енгізгіңіз келсе, дәл осы аксессуарлар — ең мінсіз таңдау. Сән көрсетілімдерінен шабыт алған стритстайл жұлдыздары бұл трендті әлдеқашан өз образдарына енгізіп үлгерді. Енді кезек сізде!
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.