Апталық жұлдыз-жорамал
Фото. Анастасия Анишева.

16–22 наурызға арналған апталық жұлдыз-жорамал

16 марта 2026

Апталық жұлдыз-жорамалдан ескерту: алда тыныш кезең болмайды. Ғаламшарлардың ықпалымен қарым-қатынастағы кернеу айтарлықтай күшеюі мүмкін. Қарапайым әңгімелердің өзі оңай-ақ дауға, кейде тіпті нағыз жанжалға ұласады. Мұндай сәттерде ақиқатты іздеп, өз шындығыңызды дәлелдеуге тырысу дерлік бос әуреге айналады. Едәуір маңыздысы — сабыр сақтап, ақылмен әрекет ету. Ендеше, әрбір белгіге жұлдыздар не ұсынады? Harper's BAZAAR Kazakhstan төменде бөліседі.

Тоқты

Тоқтыларға сезімдерін айрықша қадағалап жүру керек. Эмоцияның жетегінде кейін өкініш әкелетін шешім қабылдау оңай, ал салдарын түзету қиынға соғуы мүмкін. Бұл қаржыға да қатысты: қазір асығыс, импульсивті сатып алулар мүлде үйлеспей қалуы ықтимал. Өз-өзіңізді тежеңіз — бұл уақытша кезең, көп ұзамай бәрі орнына келеді.

Торпақ

Торпақтарға, әсіресе дау туғызуы мүмкін болса, өзіңіздің шегеленген пікіріңізді асығыс айтуға болмайды. Бәлкім, сіз дұрыссыз, бірақ қазір айналаңыздағылар кез келген келіспеушілікке өте шалт реакция танытуы мүмкін. Сондықтан қарым-қатынаста табандылықтан гөрі дипломатиялық қылық пен парасаттылық көбірек пайда әкеледі.

Егіздер

Егіздер үшін қорытынды шығаратын кезең туады. Осы аптада қандай шешімдеріңіздің сәтті болғанын, ал қай тұста қателік кеткенін айқын көресіз. Дегенмен бәрін бірден түзетемін деп ұмтылмаңыз. Әуелі өзіңіз нақты әсер ете алатын тұстарды бағамдаңыз. Істі біртіндеп атқарыңыз — алдағы күндері жағымды, шабыттандыратын сәттер жеткілікті болады.

Гороскоп на неделю с 16 по 22 марта: что приготовили звезды?
Фото. Анастасия Анишева.

Шаян

Шаяндарға өзгенің дауына жоламаған жөн. Оған жанама түрде араласудың өзі сізді қақтығысқа тартып, көп күш пен жүйке жұмсатады. Энергияңызды өзгенің мәселесіне сарп етпеңіз. Одан гөрі жеке өміріңізге назар аударыңыз — жақын уақытта онда елеулі өзгерістер болуы ықтимал.

Арыстан

Арыстандарға жұлдыздар жеңілдеу кезең уәде етеді: қиындықтар біртіндеп шегінеді, жоғалтқан позицияларды қайта қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Тіпті өзіңізді тағы бір мәрте танытып, беделіңізді күшейтуге де шанс бар. Ең бастысы — өркөкіректікке берілмей, жетістік басыңызды айналдырып жібермесін. Қарапайымдылық дәл қазір сіздің пайдаңызға жұмыс істейді.

Бикеш

Бикештерге аптаның басында айналадағылар үнемі қолқабыс етпей, қайта көңіл қалдыратындай көрінуі мүмкін: бірі уәдесінде тұрмайды, бірі келісімді ұмытады, енді бірі мүлде хабарсыз кетеді. Өзгенің мінез-құлқын өзгерту оңай емес, сондықтан өз міндеттеріңізге көңіл бөлген жөн. Жеке жұмыс істесеңіз, көбірек нәтижеге қол жеткізіп, тіпті өзіңізге белгілі бір пайда да ала аласыз.

Гороскоп на неделю с 16 по 22 марта: что приготовили звезды?
Фото. Анастасия Анишева.

Таразы

Таразыларға жұлдыздар қиын жағдайдың өзінен де жарық жақ таба білетін сирек қасиеттерін еске түсіруге кеңес береді. Сіздің оптимизміңіз тек өзіңізге емес, айналаңыздағы адамдарға да демеу болады, әсіресе ахуал тығырықтай көрінген сәттерде. Мұндай қолдау елеусіз қалмайды — уақыты келгенде бәрі еселеп өзіңізге оралады.

Сарышаян

Сарышаяндарға кез келген дауда жеңіске жету әдетте қиын емес, бірақ осы аптада сөз таласына мүлде араласпаған дұрыс. Назарыңызды романтикаға және жақын адамыңызбен жылы қарым-қатынасқа бұрған әлдеқайда жағымды да пайдалы. Жылы кештер мен шынайы сезімдер дәл қазір көбірек қуаныш сыйлайды.

Мерген

Мергендерге бұл аптаны өзін-өзі дамытуға не білім алуға арнаған жөн. Көптен бері өзгелермен тәжірибе мен біліміңізді бөлісіп, ұстаз рөлінде болып жүрдіңіз. Енді өзіңіз шәкірт атанып, жаңа бір дүниені игеретін уақыт келді. Мұндай қадам жаңа мотивация мен шабыт сыйлайды.

Гороскоп на неделю с 16 по 22 марта: что приготовили звезды?
Фото. Анастасия Анишева.

Тауешкі

Тауешкілерге жақындарының қолдауы жетіспей тұрғандай сезілуі мүмкін. Біреу өздігінен күйзелісіңізді аңғарсын деп күтпеңіз — дәл қазір сізге назар мен көмектің маңызды екенін ашық айтқан дұрыс. Айтпақшы, қаржы саласында апта сәтті өтпек: еңбектің мен табандылықтың қайтарымы лайықты болады.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар айналасындағыларды үйреншікті «маскаларысыз» көреді. Кейбіреулер берген уәдесін уәде күйінде қалдыруы мүмкін. Бұған байыппен қарап, дұрыс қорытынды шығарыңыз: маңызды істерде ең алдымен өз күшіңізге сүйенген жөн.

Балықтар

Балықтарға бәріне бірдей жәрдем бергісі келетін ниетіне абай болған жөн. Кейде ең шынайы пейілдің өзі көмектеспек болған жандардың наразылығына ұласуы мүмкін. Артық күйзелістен құтылу үшін өз шаруаңызға ден қойыңыз — әсіресе сізге қуаныш пен материалдық пайда әкелетін істерге.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше