Айжұлдыз Адайбекова ақ келін атанбақ! Актриса әрі блогерге ғашығы Сәкен Қағаров жүрегі мен жүзігін ұсынды. Танымал экстремал спортшы жеке өміріндегі маңызды сәтке Исландиядағы сарқыраманы таңдап алған. Әсерлі кадрларды болашақ жас жұбайлар өздерінің Instagram парақшасында бөлісті. Оқырмандарынан сүйінші сұраған Julie мен Сәкен бір жылда 7 мемлекетті бірге шарлаған екен. Енді олар тойдың дайындығына кіріспек. Олай болса, шаңырақ көтергелі отырған жас отбасыны шын жүректен құттықтаймыз!


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @aizhuldyz_adaibekova

Поделиться: