Жаңа толқын музыканты Yenlik – мұғалімдік мамандығымен қоштасқаны жайлы, анасына арнаған әні, ерте тұрмыс құру мәселесі мен болашақ жарына қояр талаптары, сондай-ақ, Қазақстанның болашағы не себепті нәзік жандылардың қолында екенін айтты.

Фото и арт-дирекшн: АЙНУР МУСАГУЛОВА AINUR MUSSAGULOVA

Стиль: АЖАР КУДАЙБЕРГЕНОВА AZHAR KUDAIBERGENOVA

Директор моды: ЛАРИСА АЗАНОВА LARISSA AZANOVA

Интервью: ГҮЛДАНА  МҰҚАН  GULDANA MUKAN

Соңғы кезде бұрынғы ескі әндерге cover жазып орындап жүрсіз. Барлығы дерлік хит. Тректің тыңдарман тарапынан қайта сұранысқа ие болуы орындаушының арқасы ма қалай ойлайсыз?

Менің ойымша кез-келген орындаушыға, әншіге немесе авторға болсын ескі әндерді кавер жасап орындау тиімді деп ойлаймын. Себебі сен белгілі бір сезімді беріп қойған әнді алып, қайтадан жаңартасың яғни сезімдерді жаңартасың. Ал халық ол ескі әндерді сағынып жүруі мүмкін, тыңдап жүруі мүмкін және жаңа қырынан көрсеткен кезде сол себепті каверлер хит болады.

Мамандық бойынша енді жұмыс жасамайды екенсіз. Оған себеп, музыканы таңдауыңыз екен. Бұл шешімді қабылдау қиынға соқпады ма?

Иә мектепті тастап музыкаға қарай бет бұрдым. Шешім қабылдау қатты қиын болған жоқ. Әке шешеммен ақылдастым. Мені әкем қатты қолдады және бұнымен тоқтап қалмаймын деп ойлаймын. Мүмкін қайтып келермін мамандығыма кейін. Ол уақыттың еншісінде.

Сіз тек өзіңіз жазған әндерді репертуарыңызға қосасыз. Болашақта басқа автордың мәтініне жазылған туынды орындауға қалай қарайсыз?

Негізі ондай тәжірибе бізде әлі болмады. Бірақ егерде ән ұнап қалса қатты, сөздері яғни мәтіні қатты ұнап қалса, мүмкін болашақта орындап қалармын. Бірақ көбінесе өзім жазамын, себебі автор болғандықтан автордан өзің сияқты ешкім жеткізе алмайды деп ойлаймын және әндерімді не үшін тыңдайды себебі ол өзімнің өмірлік тәжірибемнен шығады. Өзімнің сезімдерімнен құралған әндер болғандықтан, әр автор өзімнің әнін орындау керек.

Шынайылықты іздеймін
Здесь и далее: ОДЕЖДА, ОБУВЬ, УКРАШЕНИЯ, ВСЕ DIOR. МАКИЯЖ И ПРИЧЕСКА: МАКИЯЖ:
БАЛНУР ДАРБАЕВА @BALLA_MAKEUP; СЕТ-ДИЗАЙН: АСЕМ МАКИНА; АССИСТЕНТ СТИЛИСТА: ЛАУРА НУРМУХАМЕТ.

Репертуарыңыздағы композицияларға өзіңіздің көңіліңіз толады ма?

Тек бір-екі әніме көңілім толады деп айта аламын. Ол әрине Dop себебі ол анама арналған. Барынша ашыла алдым деп ойлаймын сол әнде. Екінші қатты өзіме ұнайтын әнім ол BIPL. Ең бірінші әнім, және сезімді сол әнде жақсы бергенмін деп ойлаймын. Ал басқа әндерден, әрине өз әндерім өзіме ұнайды. Бірақ тағы да күшті істеуге болатын еді деген ой тұрады үнемі.

Мәтін жазуға адамдар шабыт сыйлайды деген екенсіз. Қазір махаббат жайлы әндеріңіз мүлдем жоқ. Демек сізге ерекше толқыныспен шабыт сыйлайтын жан әлі кездеспеді деуге болады ма ?

Жоқ, махаббат туралы әндер жазамын бұйырса. Айтайын дегенім адам сезімдерді сезінуі мүмкін, бірақ оның бәрін орысша айтқанда «проживать» етуі керек қой, ол сезімдермен өмір сүріп белгілі бір уақытта өмір сүріп сен бар жан тәніңмен оны сезіну керексің. Оны сезіну бөлек және оны әнге, мәтінге, шығармашылыққа айналдыру мүлдем бөлек нарсе. Ол үшін кішкене уақыт керек деп ойлаймын. Маған махаббат сыйлайтын, күшті сезімдер сыйлайтын адамдар жеткілікті өмірімде.

Қазір TikTok желісінде тез хит болатын әндер неге тез ұмытылады?

Менің ойымша ол он бес секундтық бір отрывок үшін адамдар көреді, билеп тағысын тағы. Видеолар түсіруі мүмкін одан кейін енді қазір бізде заманның өзі сондай ғой бір орнында тұрмайды. Бәрі былайша айтқанда назарға таласады және ол ауысып тұрады деп ойлаймын. Негізі иә сондай әндер бар. Уақытша әндер және адамдардың жүрегінде өте көп уақытқа қалатын сондай жүректен шыққан әндер.

Тыңдармандар шығармашылығыңызбен таныс, бірақ жеке өміріңіз жайлы жақ ашпайсыз, мұның бір себебі бар ма?

Жеке өмірім туралы иә андай қатты адамдарға ашылып айтқым келмейді. Себебі құпия болған нарсе адамдардың көзінен тыс болған нәрсе бір тіл көзден сондай жаман пиғылды ниеттерден сақтау үшін деп ойлаймын және қатты ашыла бермеймін. Енді біз бәрібір адамдардың алдында жүргендіктен, қатты ашылудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Себебі бір кез-келген әртісте бір жұмбақ сондай болу керек.

Еңліктің өмірлік ұстанымы қандай? Жеке өмірге байланысты өзіңіздің прициптеріңіз бар ма?

Негізі принциптерім өте қарапайым, оңай деп айта аламын. Кез-келген нарседе шынайы болуға тырысамын. Шынайы боламын деп айта алмаймын бірақ тырысамын. Шынайылықты іздеймін басқа адамдардан да. Өтірік ондайды ұнатпаймын, жақсы өмір сүруге тырысамын. Жақындарымды ең бірінші қатты жақындарымды қуантқым келеді. Сосын үлкен үлкен мақсаттарға жеткім келеді. Үлкен адам болғым келеді өмірде. Принцип дейтіндей қатты қатып қалған бір адамдарға болсын, қасымдағы жақындарыма болсын бір белгілі бір шарттарым жоқ. Бірақ өзіме деген ең бірінші шарттарым бар. Ол шынайы болу, ешқашан ештеңеге сынбау және адамдарға көмектесу әрдайым. Себебі бәрі қалады, бірақ егерде сен адамдардың жүрегінде қалсаң сені мәңгілік ұмытпауы мүмкін.

Қазіргі таңда қоғамдағы феминизм тақырыбы туралы ойыңызды айта кетсеңіз, нәзік жандылардың құқығы жайлы, нені өзгерткіңіз келеді, қандай үлес қосқыңыз келеді?

Ол сұрақтар мені алаңдатады. Ең бірінші алаңдататыны ол жасөспірім қыз балалардың білімі. Қазір біздің енді қоғамда қыз балалардың құқығын көп жерлерде, көп уақыттарда таптайды деп ойлаймын. Ол не үшін себебі біз мына қоғам соншалықты бұзылып кеткен біз қыздар, қыздардың көбісі қорқып өмір сүреді. Еркін болуға қорқады себебі өте көп жаман қылмыстық нәрселер, зорлық-зомбылықтар болып жатыр. Соның алдын алу үшін мен үлес қосқым келеді. Жасөспірім қыздарға менің ойымша білім өте қажет. Міндетті түрде қыз балаға білімді екі есе беру керек деп ойлаймын, себебі барлық нарсе анадан басталады ғой. Ал біз болашақ аналармыз. Егер қыздарда Қазақстанның қыздарында ең бірінші бізге қауіпсіздік және білім нәсіп етсе, менің ойымша біз өте күшті ел боламыз. Барлық нарсе, барлық тәрбие үйдегі болсын қыз баладан басталады, аналарымыздан басталады. Біз екі есе білімді болуымыз керек өз-өзімізді қорғай алу үшін. Өзіміздің құқығымызды таптатпау үшін. Әзірше білмеймін қалай көмектесе аламын, қалай оны істеуге болады. Бірақ болашақта көмектескім келеді.

Мәселен, Сізді миллиондаған қыздар тыңдайды, арасында кумир көретіндері де бар, өзіңіздің жастарға деген ықпалыңызды қалай қолданар едіңіз?

Ең бірінші сол қыздар білімді болып өз-өздерін қорғай алса екен деген. Сол үндеуді айтқым келеді. Біз өз-өзімізді қорғауымыз керек. Ешкімнен мына қоғам айтып тұрмын ғой, енді барлығы деп айтпаймын бірақ қоғам бұзылған және біз қыздар өте қатты өз-өзіміздің құқығымызды қорғауымыз керек және бір-бірімізге көп қамқорлық көрсетуіміз керек. Әсіресе қыздар себебі қыз баланың, әйел адамының әйел адамға берген құрметі, қамқорлығы ол мүлдем басқа күш береді адамға.

«Қоғам бұзылған және біз қыздар өте қатты өз-өзіміздің құқығымызды қорғауымыз керек және бір-бірімізге көп қамқорлық көрсетуіміз керек».

Yenlik

«Өзіме деген ең бірінші шарттарым бар. Ол шынайы болу, ешқашан ештеңеге сынбау және адамдарға көмектесу әрдайым».

Ерте тұрмыс құру туралы ойыңыз қандай? Әлде қазіргі заманда қыздарға әуелі аяққа тұрып алу керек деген пікірді қолдайсыз ба?

Қыз баласы міндетті түрде күйеуге шықпай тұрып оқуы керек, жұмыс істеп білуі керек, өзінің ақшасы болуы керек. Содан кейіп барып қана тұрмыс құру керек деп ойлаймын. Бұл менің жеке пікірім. Әрине әртүрлі жағдайлар болады ғой. Ерте шығып жатқандар бақытты болып, керісінше отбасыда жүріп өзін өте жақсы ашқан қыз балалар бар. Бірақ ол ондай жағдайлар өте аз деп ойлаймын. Сондықтан қыз бала толық өзінің жеке өмірін сүріп көруі керек.

Yenlik

Өзіңіздің өмірлік серігіңізге қояр талаптарыңыз бар ма? Сіз үшін ер азаматқа тән қасиеттерді атап айтсаңыз?

Адам махаббатын яғни өзінің өмірлік серігін кездестірген кезде мен ойлаймын шартсыз махаббат деген болады. Сен адамға шарт қоймайсың мысалы біз әке-шешемізге, туған бауырларымызға шарт қоя алмаймыз ғой. Біз оларды қанадай бар солай қабылдап жақсы көреміз. Бірақ бір базовый талаптар болады дейді ғой. Ең бірінші ол адамгершілік, жүрегінде иманы болса және ең бастысы армандай білсе. Маған сол қатты маңызды, армандай білсе, ертеңгі күнге өте жақсы сондай позитивті көзқараспен қараса және ең бастысы жауапкершілігі мол болса керемет.

Yenlik

Cover арқылы тыңдарман сіздің вокалыңызбен жақын таныса түскендей, лирикалық әндер шығарып, рэп бағытын өзгерту ойыңызда жоқ па?

Негізі ондай қатты жанрды өзгерту туралы ой жоқ. Бірақ алдағы уақытта жаңа альбомымда сондай вокалды әндер болуы мүмкін.


Поделиться: