Alem енді ресми түрде соло-әнші. Таяуда ғана жеке шығармашылығын бастаған өнерпаз алғашқы бейнебаянын да жарыққа шығарды. «Ninety One» тобының мембері «Daiynbyz ba?» трегіне official visualizer түсірген. Еске салсақ, композиция — бүгінде аяғы ауыр жары Вероника Жанғалова мен болашақ атұстарына арналған.

Туындыны Батырхан Мәліков өзінің жеке YouTube парақшасына жүктеді. Ал клиптың режиссері – Бауыржан Саурықов. Алайда бейнебаянда жүкті Верониканы емес, Alem және оның жанындағы музыканттарды ғана көре аласыз.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @xcialem

Поделиться: