Мақпал Исабекова инстаграмдағы оқырмандарының алдында ағынан жарылды. Әнші жеке парақшасында отбасылық өмірі жайлы ашып айтты. Өнер иесі әсіресе күйеуімен кикілжің көп болатынын, сондай кезде тіпті ажырасқысы келетін мойындады. Бүгінде декреттік демалыста отырған эстрада жұлдызы сүйіктісімен ұрсысып қалса, «арыз жазамын деп артық айтып қоятыным да бар», — дейді.

Мақпал Исабекова
Фото: Instagram @makosyai

Фолловерлерінің «жиі ұрсысқан кезде, не істейсіз?», — деген сұрағына Макосяй былай деп жауап берген:

«Әрине болады, білесіздер ме ұрсысқан сайын, ажырасқым келіп кетеді. Мен оған солай айтамын: «Болды мен ажырасуға арыз жазамын», содан кейін «немесе сен барып арыз жаз, мені танып қойса, ұят болады», — деймін. Ал ол қандай әсерде болады? Ол да бәрін тастай салғысы келеді, бірақ олай жасамайды. Егер ол да қолын бір сілтесе, екеміз екі жаққа кетіп қалар едік.» — дейді Мақпал Исабекова.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai

Поделиться: