Нагимуша инстаграм парақшасында оқырмандарынан сүйінші сұрады. Танымал блогер түбегейлі елге көшіп келетінін айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Еске салсақ, Нағима Ахметова тұрмысқа шыққалы бері 2 жылдан астам уақыт Еуропада тұрақтаған еді. Енді желі жұлдызы күйеуі Александрдың ұсынысымен Қазақстанға оралмақ. Бір қызығы Нагимушаның сүйіктісі 11 жыл бойы шет елде тұрған.
Нагимуша мен күйеуі алғашында ата-анасымен тұрамыз деп шешім қабылдаған. Уақыт өте келе қос ғашық жеке бөлініп өз үйлеріне көшпек. Себебі, жұп ата-аналарының қасында болуды көздеп отыр.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @nagimuwaa
Поделиться: