Әйелдер жыныстық қатынас кезінде де өзінің емес, серіктесінің жағдайын ойлайды. Оны сексолог мамандардың зерттеуі дәлелдеген. Нәзікжандыларды «Оның көңілінен шығып жатыр ма?» деген сұрақ мазалайды екен. Бірақ ол үшін қам жемей-ақ қойыңыздар. Өйткені, көп жағдайда жыныстық қатынас кезінде нақ осы арулар ләззат ала алмайтын көрінеді. Сондықтан біз сіздерге төсек рахатын сезінудің 10 әдісін ұсынамыз. 

Жыныстық қатынас туралы әңгіме

Сексологтар төсекте жатқанда, тіпті жыныстық қатынас кезінде де,  өз қалауларыңыз, эрогендік аймақтарыңыз және сізге ұнайтын әдістер жайлы әңгімелеуге кеңес береді. Бірақ осы ретте оған ләззат сыйлауды да ұмытпаңыз. Төсекте жатып келіссөздер жүргізу сіз ойлағаннан да оңайырақ.

Неліктен сіз серігіңізбен ойнауды ұмытасыз?

Төсекте ләззат алғыңыз келсе, таң атпастан серігіңізбен ойнауды бастаңыз. Оған SMS хабарламалар жіберіп, өз қалауыңыз жайлы жазыңыз. Тағы кешке оны аймалап, оның қызығушылығын оятқан дұрыс. 

Төсекте ерлермен қатар ләззат алудың 10 жолы

Оргазмды шегеру

Әйелдерге қарағанда ер адамға ләззаттың шыңына жету үшін әлдеқайда аз уақыт қажет екені бұрыннан белгілі. Ал егер сіз оргазмды «күту режиміне» қойсаңыз ше? Кез келген жағдайда сіз өзіңіздің шарықтау шегіңіздің немесе серіктесіңіздің жақындап келе жатқанын сезсеңіз, аздап баяулауға тырысыңыз. Маған сеніңіз, көптен күткен финал ол кезде әлдеқайда жарқын болады.

Өзіңді жақсы көр

Зерттеулерге сәйкес, егер әйел сыртқы келбетіне қанағаттанса, серіктесі де осындай көңіл-күйді қабылдайды. Параметрлерге қарамастан, қыздың айна алдында да, ер адамның алдында да жалаңаш болып, өзін жақсы сезінуі маңызды. Сондықтан өзіңізді еркін ұстаңыз. Әйтпесе, ол жыныстық өміріңізге кедергі келтіреді.

Төсекте ерлермен қатар ләззат алудың 10 жолы

Майлаушы зат міндетті болуы керек

Ұзақ махаббат түнін жоспарласаңыз, онда анда-санда өзіңізді ылғалдандыруға дайын болыңыз. Өйткені майлаудың болмауы жыныстық қатынасты азапты етіп, ыңғайсыздық пен ауырсыну тудырады. Бұл ретте ләззат туралы ұмыту қажет.

Өз дегеніңізді істетіп, бұйрық беруді үйреніңіз

Жыныстық қатынас әрқашан патриархатқа байланысты емес. Кейде тіпті ең күшті және мықты адам төсекте әйеліне бағынғысы келеді. Ол не істеу керектігі туралы тікелей және анық айту маңызды: «Енді айналдырыңыз!», «Мені сүйіңіз!», «Мені қатты қысып ұстаңыз…». Өз қалауларыңызға жеткілікті уақыт бөліңіз.

ләззат

Назар аударуды үйреніңіз

Бұл жыныстық қатынастағы ең маңызды жайт болуы мүмкін. Жаһандану дәуірінде өмір сүріп, бір нәрсеге назар аудару өте қиын. Және көптеген әйелдер, мұны өздері байқамай, интимдік қарым-қатынас кезінде бухгалтерлік есеп немесе ыстық су үшін қарыз туралы ойлай бастайды. Осылайша рахаттана алмайды. Сондықтан кеңес, осы жерде және қазір өмір сүруді үйреніңіз.

Жыныстық қатынас алдында ішкі қарқыныңызды бәсеңдетіңіз

Әлеуметтік ортадағы әйел көшбасшылығы үшін шексіз жарыс төсек жағдайына өте зиянды. Көптеген қыздар ішкі акселерация кезінде жыныстық қатынасқа түседі, осылайша оны  жоспарланған іс-шаралардың қатарына қосады. Осындай кезде қандай ләззат туралы айтуға болады?

ләззат

Дыбыс шығару

Әйелдер жыныстық қатынас кезінде еріксіз ыңыранып, айқайлауы тиіс дейді сексологтар. Жиі және үзіліссіз тыныс алудың арқасында қозу шыңы тезірек келеді. Сонымен қатар, сіз шығарған дыбыстар смерігіңізге оның бәрін дұрыс істеп жатқаны туралы белгі береді

Өз қалауыңызды құрметтңіз

Сіздің ішкі жайлылығыңыз бен физикалық рахат әрбір интимдік қатынастың негізі болуы керек. Мысалы, ауырсынуды тудыратын позицияларда қалуға келіспеу керек. Сондай-ақ, көңіл-күйіңіз болмаған кезде жыныстық қатынасқа жол бермеу керек.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: