Ең үздік церамидті сарысулар
Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Терінің тығыздығы мен жарқырауы үшін церамидтері бар үздік 5 сарысу

20 мая 2026

Тері қорғанысы сау әрі мықты болғанда, ол ылғалды өздігінен сақтап, тегіс көрінеді және сыртқы тітіркендіргіштерге оңай төтеп береді. Бұл тұрақтылыққа церамидтер — жасушааралық матрикстің шамамен 50 пайызын құрайтын табиғи липидтер жауап береді. Жас ұлғайған сайын, сондай-ақ күйзеліс пен агрессивті тазарту әсерінен бұл молекулалардың табиғи деңгейі төмендей бастайды. Соның салдарынан қорғаныс қабаты жұқарып, ылғал тезірек буланады, ал тері құрғап, қабыршақтанып, ұсақ әжімдер пайда болады. Әсіресе көктем мезгілінде бұл мәселе қатты сезіледі: температураның құбылуы, жел және бөлмедегі құрғақ ауа тері тосқауылына айтарлықтай зиян келтіреді.

Бұрын церамидтер көбіне қою әрі ауыр кремдердің құрамында кездесетін. Ал бүгінде брендтер жеңіл текстуралы сарысуларға басымдық беруде: олар тез сіңеді, теріні ауырлатпайды және таңертеңгі не кешкі күтімге оңай үйлеседі. Мұндай өнім маусым ауысатын кезеңде барлығына қажет. Әсіресе құрғақ әрі сезімтал тері иелеріне, сондай-ақ розацеа немесе экземамен күресіп жүргендерге таптырмас көмекші болмақ.

Сарысу таңдағанда неге назар аудару керек? Біріншіден, құрамынан (INCI) үш негізгі молекуланың үйлесімін іздеңіз: Ceramide 1, Ceramide 3 және Ceramide 6-II. Дәл осы компоненттер терідегі липид тапшылығын тиімді толықтырады. Екіншіден, церамидтер гиалурон қышқылымен, холестеринмен немесе ниацинамидпен бірге қолданылғанда әлдеқайда нәтижелі жұмыс істейді. Төменде терінің тығыздығы мен табиғи жарқырауын қалпына келтіруге көмектесетін церамидтері бар ең үздік сарысуларды ұсынамыз.

Elizabeth Arden Retinol + HPR Ceramide Capsules Rapid Skin Renewing Serum

Naturium Barrier Bounce

Augustinus Bader The Serum

Sisley-Paris Sisleÿa L'integral Anti-age Serum Concentre

CeraVe CeraVe Resurfacing Retinol Serum


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше