Трикотаж шалбар өміріңізді жақсарта ала ма? Жауабы: иә
Фото. Spotlight

Трикотаж шалбар өміріңізді жақсарта ала ма? Жауабы: иә

05 февраля 2026

COVID-19 пандемиясынан кейін сән әлемінде жайлылыққа деген ұмтылыс заңды трендке айналды. Енді адамдар қайда барса да, үнемі қолайлылық пен жылылықты сезінгісі келеді. Жұлдыздар да ерекшелік емес: танымалдар әуежайда, серуенде және шопингте трикотаж шалбарды жиі таңдайды. Біз it-girl үлгісін ұстанып, күнделікті бейнелер үшін трикотаж шалбарға да басымдық береміз. Harper’s BAZAAR Kazakhstan қандай үлгілер сәнқойлардың сүйіктісіне айналғанын айтып береді.

Ұзақ жолға ыңғайлы

Мына үлгілерді сапар барысында сенімді серік ететін не біріктіреді? Ыңғайлы кесілуі, жұмсақ бел резеңкесі, кең балақтары және ұстамды реңктері. Қай көлікпен жолға шықсаңыз да маңызды емес, ең бастысы — өзіңізді еркін сезініңіз.

Frugal chic

«Тыныш сән-салтанат» ұғымы 2026 жылы Frugal chic трендіне айналды. Кей сәнқойлар әлі де минималистік образ құрауды жөн көреді. Демек, оларға кез келген жағдайға лайық классикалық гардероб элементтері қажет.

Трикотаж костюмдер

Трикотаж шалбар — жақсы шешім, ал соған ұқсас свитер не кардиганмен бірге ол тіпті мінсіз болады. Костюмдерді жиірек киіңіз де, не киемін деп ұзақ ойланбаңыз. Аксессуарлар мен аяқ киім соңғы, шешуші штрихтарды қояды.

Спорттық модельдер

Иә, трикотаж шалбармен тіпті жаттығуға да болады. Бірақ қандай да бір себеппен оны қаламасаңыз, белсенді серуендер үшін олар мінсіз жарасады. Суық маусымда да оларда жылы да жайлы.

Трикотаж легинстер

Әрдайым жылы жүруді қалайтындар үшін тағы бір тамаша нұсқа. Дене пішінін айқындайтын легинстер жылуды жақсы сақтайды әрі жайсыздыққа жол бермейді. Оған қоса, олармен күнделікті аутфиттерді де, қала сыртына шықсаңыз, Après-ski стиліндегі бейнелерді де оңай құрасыз.

Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше