Валентин күніне баламалар
Фото. Shutterstock.com. Авторы. AnnaStills.

Валентин күніне балама: 14 ақпанды жұпсыз қалай атап өтуге болады?

10 февраля 2026

14 ақпан көптен бері тек ғашықтарға арналған мереке ғана емес. Бақытымызға орай, бүгін Валентин күніне тартымды баламалар бар. Бұл күнді шынымен сіз туралы болатын етіп қалай атап өтуге болатынын айтамыз.

Galentine’s Day: 13 ақпан

Бұл мерекенің идеясы поп-мәдениеттен туған және бұған Эми Полерге алғыс айту керек. Дәлірегі, оның культ кейіпкері Лесли Ноуп — «Парктер мен демалыс аймақтары» сериалынан. Дәл осы жобаның 2010 жылғы екінші маусымында көрермендер алғаш рет Galentine’s Day деп аталатын эпизодты көрді — Valentine’s Day мен gal, яғни «құрбы» сөздерінің сөзойыны.

Сюжет бойынша кейіпкер ең жақын құрбылары үшін вафельді таңғы бранч ұйымдастырады және бұл күннің не үшін керегін түсіндіреді. Оның айтуынша, Galentine’s Day — жылдың ең жақсы мерекесі: 13 ақпанда әйелдер серіктерін үйде қалдырып, кафеге жиналып, бір-бірінің қасында болудан ләззат алады. Яғни, ханымдар ханымдарды құрметтейді.

Әйелдер достығы күні көбіне Валентин күніне қарама-қарсы ретінде қабылданғанымен, шын мәнінде ол әлдеқайда әмбебап. Қатынастар мәртебесіне, отбасылық жағдайына немесе өмір кезеңіне қарамастан, оны бәрі атап өте алады. Мұнда тек өз болмысыңды сақтау және шын қолдайтын байланыстарды қадірлеу құқығы бар.

Уақыт өте бұл идеяны брендтер де іліп әкетті. Косметикалық брендтер бьюти-аймақтары мен визажистердің мастер-класстары бар қыздар кештерін өткізсе, мейрамханалар — құрбыларға арналған арнайы кешкі астар, ал қайырымдылық ұйымдары — достық туралы фильмдер мен үстел ойындарына арналған шағын кештер ұйымдастырды. Бірте-бірте Galentine’s Day тұтас әлеуметтік құбылысқа айналды.

Альтернативы Дню святого Валентина: как отпраздновать 14 февраля, если у вас нет пары?
Фото. Shutterstock.com. Авторы. oneinchpunch.

Психологтар ақпанның ортасында жалғыз адамдарда мазасыздық пен оқшаулану сезімі жиілейтінін анықтады. Адам Ғашықтар күніне мән бермеймін десе де, сыртқы қысымды сезінуі мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Galentine’s Day егер романтикалық салада бірдеңе жүрмей жатса, назарды басқаға аударып, ең тұрақты ресурстардың бірі — достықтан тірек табуды ұсынады.

Оқиғаны қалай атап өтеміз?

Шынында, креативке шектеу жоқ. Қалағаныңыздың бәрін ойлап табуға болады.

Бранчқа барыңыз. Алдын ала үстелді әдемілеп безендірсеңіз, атмосфера одан әрі жайлырақ болады. Иә, мүмкіндігінше әдемі кадрлар түсіріңіз, тіпті жақсысы — естелікке vlog түсіріп алыңыз.

Күнді СПА-салонда өткізіңіз. Хош иісті шамдар, жұмсақ жарық, босаңсытатын массаж — мұның бәрін серіктеспен ғана емес, құрбымен де бөлісуге болады.

Видео. TikTok @amrit_bilkhu

Пижама кеші — әркез өзекті. Ең сүйкімді пижамаларыңызды киіп, көруге сүйікті ромкомды таңдаңыз және дәмді тағамға тапсырыс беріңіз.

Мастер-кластарға жазылыңыз. Би, сурет салу, үстел сервировкасын үйрену — бұл сабақтар күніңізді көріктендіреді.

Ұмытылмас кеш ұйымдастырыңыз. Құрбыларыңызға сүйікті мейрамханаға не барға баруды ұсыныңыз. Бұл жолы әдеттегіден бас тартып, әртүрлі тағамдарға тапсырыс беріңіз — әркім жаңа дәм татып көрсін.

Нәзік жандылар арналған үйлерге барыңыз. Практикалар, медитация және йога тек денеңізбен байланысты реттеп қана қоймай, құрбыларыңызбен де жақындасуға көмектеседі.

Видео. TikTok @reina_attie

Self‑Love Day: 14 ақпан

Егер махаббат өзіңнен басталса, неге оған бөлек күн арнамасқа?

Күнді мүмкіндігінше жұмсақ бастап көріңіз. Мысалы, төсекте сәл ұзағырақ жатыңыз. Кештен телефонды алысырақ қойып, оятқышсыз оялуға мүмкіндік беріңіз. Лезде атып тұрмай, денеге уақыт беріңіз: керіліп-созылыңыз, бұлшықеттерді жібітіңіз, жайманың тигенін сезініңіз, айналадағы дыбысты тыңдаңыз.

Жақсы жалғасы — шағын цифрлық детокс. Ең болмағанда бірнеше сағатқа әлеуметтік желілер мен жаңалықтар таспасынан бас тартыңыз. Экранның орнына — бір стақан жылы су және көптен бері өз сәтін күтіп тұрған кітап не журнал.

Бұл күнгі таңғы асты да қамқорлық ритуалына айналдырыңыз. Оған көбірек уақыт бөліп, дәл өзіңізді қуантатын тағамды әзірлеңіз. Қарапайым болса да, әдемі детальдармен: тұздысына — көк шөп пен көкөніс, тәттісіне — жидек не жаңғақ. Баяу жеңіз: дәмін, иісін, құрылымын сезініңіз, дегустациядағыдай.

Не только про любовь: стильные альтернативы Дню святого Валентина
Фото. Shutterstock.com. Авторы. Ulza.

Таңғы астан кейін сыртқа шығып келуді ұсынамыз. Ыңғайлы киім, термоста сүйікті сусын және жақын саябақтағы серуен — денеге қозғалыс пен жеңілдік сезімін қайтарады. Кейде табиғатты, маусымның қалай ауысатынын бақылаудың өзі жеткілікті.

Айтпақшы, Self‑Love Day-ді міндетті түрде жалғыз өткізудің қажеті жоқ. Қаласаңыз, достармен кешкі түстік тамаша нұсқа бола алады. Тірі қарым-қатынас біздің ментал саулығымызбен тікелей байланысты. Телефондарды жинап қойып, оның орнына кітаптар мен фильмдерді талқылаңыз не үстел ойынын ойнаңыз.

Күннің мінсіз нүктесі — үйдегі СПА. Тұз немесе май қосылған жылы ванна, жағымды хош иіс, шамның жұмсақ жарығы. Өзін-өзі уқалау, бетке арналған маска немесе бас терісіне күтім — дәл қазір денеңізге не керек болса, соны таңдаңыз. Кешті сүйікті шайыңызбен және өз-өзіңізбен тыныш, шынайы байланыс сезімімен аяқтаңыз.

Видео. TikTok @stephboloutis

Anti‑Valentine’s Day: 14 ақпан

Бәлкім, бір кездері супермаркетте ашықхатқа толы сөренің алдында — жылтырақ, тым тәтті, күмәнді қымбат — «бізде махаббат дәл осылай білдіріле ме?» деп ойланған шығарсыз. Бұл сезімде жалғыз емессіз. Күннен-күнге көбірек адам романтикалық ертегіге сенуді қоя бастады. Себебі мынада.

1. Ғашықтар күні романтикалық махаббатты шектен тыс дәріптейді

Бір себеппен біз тек романтикалық қатынас жеке мейрамға лайық деп ұжымдық түрде шешіп алғандаймыз. Ал достық, өзіңді сүю, отбасы, үй жануарлары, тіпті таңғы кофе — екінші планда қалады. Дегенмен, тенденция біртіндеп өзгеріп келеді.

Валентин күні жиі «жұпсыз өмір толыққанды емес» деген ойды таратады. Бұл тек ескірген көзқарас емес — ол мүлде қате. Махаббаттың түрі көп: ата-анаға, достарға, ең соңында өзіңе деген сүйіспеншілік.

Не только про любовь: стильные альтернативы Дню святого Валентина
Фото. Shutterstock.com. Авторы. ded pixto.

2. Мереке жалғыздық пен қысымды күшейтеді

Қатынасы жоқтар үшін 14 ақпан тәулік бойы «сенде бірдеңе дұрыс емес» деген еске салғыштай сезілуі мүмкін. Адам жалғыздықтан бақыт тапса да, жалпы фон — жарнама, әлеуметтік желілер, өзгенің мойындаулары — оңай-ақ оқшаулану сезімін тудырады.

Ал жұптар үшін де бұл күн әрдайым мінсіз өте бермейді. «Идеал кеш» жайлы жазылмаған күтім — сыйлықтар, тосынсыйлар және Instagram-ға арналған суреттер — оқиғаны күйзеліске айналдырады. Оның үстіне, мұндай форматтың құны екінің бірінің қалтасына сай емес, бұл да қысымды күшейтеді.

3. 14 ақпан шамадан тыс коммерцияланды

Махаббат баға жетпес болса, неге оның құны сонша қымбат? Валентин күні баяғыдан-ақ маркетингтік марафонға айналды: сезім тек сатып алумен қатар жүрсе ғана мәні бардай көрінеді.

Гүл бағасы бірнеше есе өседі, мейрамханалардағы арнайы мәзірлер бірден қымбаттайды, ал нарық плюш аю не жүрек пішінді әшекейсіз мереке болмайды деп сендіреді. Белгілеуді қаласаңыз — тамаша. Бірақ оны қысыммен жасау — мүлде басқа әңгіме.

Не только про любовь: стильные альтернативы Дню святого Валентина
Фото. Shutterstock.com. Авторы. Vidic Bojan.

4. Мәжбүрлі романтика — романтика емес

Кем дегенде бір рет «сол мінсіз сыйлықты» абыржыған күйде іздеп көргендер біледі: сезімді күнтізбеге қыстырсаң, сиқыр жоғалады. Махаббат дедлайнды жақтырмайды.

Ең қымбат қамқорлық белгілері көбіне аяқ астынан болады: «сені ойладым» деген хабарлама, ауыр күннен кейінгі кешкі ас, сіздің кофеңізді қалай алатыныңызды ұмытпайтын адам. Мұны нақты бір датаға жоспарлау мүмкін емес — мәнісі де осында.

Қалай атап өтуге болады Anti‑Valentine’s Day?

1. Антиромантикалық кеш ұйымдастырыңыз

Кәдімгі мейрам жұптарға арналса, оның анти-нұсқасы — сіз және сіздің жақындарыңыз жайлы. Достарыңызды жинап, бәрін керісінше жасаңыз.

  • Қоштасу туралы фильмдер марафоны — финалы қаншалық драмалы болса, соншалық жақсы.
  • Өткенмен қоштасу рәсімі — ескі хат-хабарды өшіру, хаттарды өртеп жіберу немесе танысу қосымшаларындағы ең оғаш хабарламаларды дауыстап оқу.
  • Романтикасыз ойын кеші — үстел ойындары, викториналар, карта ойындары.

2. Өзіңізді еш ақталмай еркелетіңіз

Кейбіреулер әлі күнге дейін өз-өзіне қамқорлық романтикалық махаббатпен салыстырғанда екінші орында деп ойлайды. Әрине, бұл — дұрыс емес.

  • Қайда қаласаңыз, сонда барыңыз — сүйікті кафе, мейрамхана немесе СПА-процедуралар.
  • Өзіңізге жалқаулық жасауға рұқсат беріңіз. Үйде қалу, жоспарды болдырмау, сериал қарау — бәрі де есепке кіреді.
  • Көптен бері қалағаныңызды себеп те, түсініктеме де іздемей сатып алыңыз.
Не только про любовь: стильные альтернативы Дню святого Валентина
Фото. Shutterstock.com. Авторы. Prostock-studio.

3. Корпорацияны емес, жергілікті жобаларды қолдаңыз

Ақша жұмсайтын болсақ — ол мағыналы іске жұмсалсын. Жергілікті брендтерді, шағын дүкендер мен тәуелсіз кофеханаларды таңдаңыз. Желілік мейрамхананың орнына көрші аулада орналасқан шағын орыннан асқа тапсырыс беріңіз немесе қаржыны қайырымдылыққа бағыттаңыз — бұл да махаббаттың бір түрі.

4. Өзіңізге махаббат хатын жазыңыз

Сәл ыңғайсыз естілер, бірақ байқап көріңіз. Соңғы рет өзіңіздің қандай керемет екеніңізді қашан шын атап өттіңіз?

Өз күшті жақтарыңыз, еңсерген белестеріңіз, мақтан етер тұстарыңыз туралы хат жазыңыз. «Өзіңізге» форматы оғаш көрінсе, өзіңіздің кішкентай не болашақтағы нұсқаңызға арнап жазыңыз. Кейде дәл соның өзі жетіспейді.

5. Бұл күнді жай ғана елемей қойыңыз

Ақырында, 14 ақпан — жай ғана дата. Ешкімге ештеңе қарыз емессіз. Күнді жай күн сияқты өткізгіңіз келсе — солай жасаңыз. Әлеуметтік желілер мазаласа, олардан уақытша алыстаңыз. Жүрек пен раушанға әсер етпей, жанап өте салыңыз. Өзіңізге жайлы дүниені ғана істеңіз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше