ZAQ пен Жадыра қыздары Айриннің тұсаукесерін атап өтті
Фото. Instagram @zhadra_abdulzhapparova

ZAQ пен Жадыра қыздары Айриннің тұсаукесерін атап өтті

Гүлдана Мұқан
06 октября 2025

Музыка мен сұлулық әлеміндегі ең сүйікті жұптардың бірі — «Ninety One» тобының рэпері ZAQ пен оның жары, продюсер әрі креативті стилист Жадыра Абдулжаппарова — қыздары Айриннің 1 жасқа толуына арналған тұсаукесерін атап өтті.

Кішкентай ханшайымның өміріндегі алғашқы маңызды қадам ата-анасының махаббаты мен жақындарының жылы тілегіне толы кешке айналды. Той жайлы фотолар мен бейнежазбалардан нәзік детальдарға мән берілгені байқалады — гүлдер, ақ түстер мен жеңіл атмосфера.

Айрин тұсаукесер рәсімінде кітап таңдаған, бұл — болашақта білім мен ізденісті бағалайтын жан болатынының символы. ZAQ пен Жадыраның отбасылық сәттері әрдайым шынайылық пен стильдің үйлесімін көрсетіп келеді.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше