«10 жыл өтіп кетті»: «Ninety One» тобында мерейтой! Мемберлер айтулы датаға орай жылы естеліктерімен бөлісті
Фото. Instagram @ninetyone.

«10 жыл өтіп кетті»: «Ninety One» тобында мерейтой! Мемберлер айтулы датаға орай жылы естеліктерімен бөлісті

Гүлдана Мұқан
02 сентября 2025

«Ninety One» – 10 жаста! EagleZ – 10 жаста! Атышулы «91» тобы сахнаға шыққанына биыл 10 жыл толып отыр. Шығармашылық паузада жүрген жігіттер мерейтойға орай жүрекжарды естеліктерімен бөлісіп, жанкүйерлерін ностальгияға бөледі.

Музыка индустриясына тың серпін мен жаңа леп әкелген топ бүгінде орасан фан-база жинап үлгерді. Алғашқы жылдары тыңдарман тарапынан стильдері мен имиджіне қарсылық болғанымен, уақыт өте жанкүйерлер олардың өнерін мойындап, әрбір трегін хитке айналдырды. Чарттардан түспейтін композициялар, бейнеклиптер мен концерттер – «Ninety One»-ды феноменге айналдырды.

Қазіргі таңда мемберлер ZAQ, Alem және Ace жеке мансаптарын дамытып, сұранысқа ие артистке айналды. Алайда, EagleZ әлі де сүйікті тобының камбэгін асыға күтуде. Ал 10 жылдың ішінде ZAQ, Alem және Ace отау құрды. Дулат пен Батырдың бір жастан асқан ұл-қызы дүниеге келсе, Азамат Ашмақын да таяуда ғана алғаш рет әке атанатынын мәлімдеген болатын.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше