«Жақсыны бағаламайтын ұрпақ»: ZAQ әкелерге арнап жаңа трек ұсынды! Музыканттың үндеуі қандай?
Фото. Instagram @zaqcount

«Жақсыны бағаламайтын ұрпақ»: ZAQ әкелерге арнап жаңа трек ұсынды! Музыканттың үндеуі қандай?

Гүлдана Мұқан
21 октября 2025

«Ninety One» тобының мүшесі ZAQ (Дулат Мұхаметқалиев) біраз уақыттық үзілістен кейін тыңдарманын жаңа туындысымен қуантты. Рэпердің «Papang» атты композициясы әкелерге арналған. Еске салсақ, ZAQ бүгінде 1 жасқа толған Айрин есімді қыз тәрбиелеп отыр. Тректе музыкант әке мен бала арасындағы байланыс, ұрпақ сабақтастығы және өмірлік құндылықтар жайлы ой қозғайды:

«Әкең саған аяқ киім әперді, бірақ жүруді өзің үйрен, Boy!

Қайталанба, өз жолыңды тап, жадыңда ұста қайдан келген үрейің!

«Жақсыны бағаламайтын ұрпақ», бұл сөзді шалдар да естіген дейді…»

ZAQ бұл жолы тек әуенмен емес, бейнебаянмен де ерекше әсер қалдырды. Видео сюжетінде ол наубайханада жұмыс істейтін сатушының образында бой көрсеткен. Әннің сөзін және идеясын Дулат Мұхаметқалиевтің өзі жазған.

«Papang» — тек музыкалық камбэк емес, әр әкенің жүрегіне жол тартқан шынайы үндеу.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше