Жұлдыздардың танымалдыққа дейінгі өмірі әрқашан қызық, әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Фанаттар кумирлерінің өнер жолына қалай келгенін білуге құмар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына шолу жасап, олардың бүгінгі күнге дейін қалай өзгергенін көрсетпек. «Жұлдыздар танымалдыққа дейін және қазір…» атты немесе «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актриса Альмира Тұрсын.
Альмира Тұрсын – киноиндустриядағы жарық жұлдыздардың бірі. Кинода ғана емес соңғы уақыттары өзін театр сахнасынан да сынап жүрген актриса бір салада ғана шектеліп қалмауға тырысады. Мәселен, өнер иесі соңғы кездері фильмдерге сценарий жазып, түсірілім алаңында скрипт-супервайзер болып қызмет жасап жүр. Психология саласы тағы бар.
«Mrs. Globe 2023» байқауының екінші орын жеңімпазын сұлулықтың символы десек артық айтпаспыз. Актриса кинодан бөлек, түрлі байқаулардан өзінің бағын сынап, еліміздің намысын қорқап жүр. 3 жыл бұрын Томирис Патшайымның образымен кеңінен танылған Альмира Тұрсын коуч ретінде де өзінің аудиториясын жинай алды.
Альмира Тұрсын табиғи сұлулығымен қатар мінсіз мүсінімен талай нәзік жандылардың мотиваторы. Еске салсақ, актриса барынша дұрыс тамақтанып, белсенді түрді спортпен шұғылданады. Мұндай режим оның өмірлік ұстанымына айналған. Жарайсыз Альмира!
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.