Шоу-бизнестің кезекті аруы ақ келін атанды! Күні кеше Жанар Дұғалова ұясынан ұшып, ұзату тойын дүркіретіп жасады. Әнші өміріндегі маңызды күнді өзі жарияламаса да, тойға келген өнердегі әріптестері бар қызықты ғаламторға жүктеген. 

Жанар Дұғалова

Өнер иесінің ұзату тойы дәстүрлі түрде өтті. Әнші той барысында ұлттық көйлек кимесе де, ақ көйлек киіп әдемі қалыңдық атанды. Ал, Жанар сүйіктісін Астана қаласында кездестірген. Дұғалова Илияс есімді шенеулікке ұзатылды. Ол мемлекеттік қызметкер. Елордада тұрады. 

Жанардың қуанышына ортақтасуға Маржан Арапбаева, Бейбіт Көшқалиев, Алтынбек Рахметов, Әміре, Әлішер Кәрімов және актриса Самал Еслямова келген. Ал Дұғалованы Мадина Сәдуақасова ұзатты. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: