Алдағы апта тосын өзгерістерге, жаңа мүмкіндіктерге және шабыт сыйлайтын оқиғаларға толы болмақ. Тағдырдың жіберген белгілерін қабылдап, жаңа көкжиектерге қадам басуға дайынсыз ба? Жұлдыздар әр зодиак белгісіне қандай сый мен сынақ дайындағанын бірге білейік.
Тоқты
Бұл аптада ең сенімді тірек — өзіңіз боласыз. Өзгелердің кеңесін күтіп отырмай, бастаманы өз қолыңызға алыңыз. Алдыңызға қойған мақсаттарға батыл қадам жасап, көшбасшылық қасиеттеріңізді көрсететін сәт туады. Мүмкіндік туғанда кідірмеңіз: өзіңіздің команданы жеңіске жетелей алатын адам екеніңізді дәлелдеңіз.
Торпақ
Жақын күндерді өзіңізге қымбат жандардың ортасында өткізгеніңіз жөн. Отбасылық құндылықтарға көңіл бөліп, туыстық байланыстарды нығайтыңыз. Себебі жақындарыңыздан қуанышты жаңалық естуіңіз әбден мүмкін. Ал жүрегі бос жандар үшін жұлдыздар күтпеген таныстық дайындап қойған. Сондықтан серуендеуден бас тартпаңыз — тағдырлы кездесу тіпті қарапайым саябақта орын алуы мүмкін.
Егіздер
Сіз өміріңіздегі жағымды өзгерістердің табалдырығында тұрсыз. Бұл үдерісті жеделдету үшін жайлылық аймағынан шығудан қорықпаңыз. Ұзақ уақыт кейінге қалдырған жоспарларыңызды жүзеге асыратын кез келді: шет тілін үйренуді бастаңыз, аяқасты сапарға шығыңыз немесе жаңа хобби табыңыз.
Шаян
Жұлдыздар қаржы мәселесіне байыппен қарауға кеңес береді. Бюджетіңізді қайта қарап, нақты жоспар құру маңызды. Жеңіл табысқа үміт артып, ойланбай шығынданудан аулақ болыңыз. Берік іргетас тек табандылық пен еңбектің арқасында қаланады. Мұны ауыр міндет емес, өзіңізді шыңдаудың мүмкіндігі ретінде қабылдаңыз.
Арыстан
Көптен бері кейінге шегеріп жүрген әңгімені ашық талқылайтын уақыт келді. Қазір серіктесіңізге сіздің жылуыңыз, түсіністігіңіз бен қолдауыңыз аса қажет. Тәкаппарлықты бір сәтке шетке ысырып, қамқорлығыңызды көрсетіңіз — бұл қарым-қатынасты одан әрі нығайтады. Ал махаббатын әлі жолықтырмаған жандар мансаптық мақсаттарына назар аударғаны жөн.
Бикеш
Бұл аптада сабыр сақтап, артық дау-дамайдан аулақ болғаныңыз дұрыс. Перфекционизм мен мінсіздікке ұмтылыс бұрынғыдан да күшейеді. Дегенмен айналаңыздағы адамдардың сіз қойған талаптарға сай болуы міндетті емес екенін ұмытпаңыз. Сонымен қатар жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға тырысыңыз.
Таразы
Алдағы күндері ерекше сақ болған жөн. Сіздің мейірімділігіңіз бен жанашырлығыңызды кейбір адамдар әлсіздік деп қабылдауы мүмкін. Көмек көрсету — жақсы қасиет, бірақ жеке шекараңызды анық белгілеп, өзіңізді пайдалануға жол бермеңіз. Сондай-ақ жаңа жобаларды бастауды әзірге кейінге қалдырған жөн.
Сарышаян
Айналаңыздағы адамдармен ортақ тіл табуға тырысыңыз. Қазір тыңдай білу мен түсіне білудің маңызы зор. Кейбір келіспеушіліктер орын алса да, олардың көңіл күйіңізге әсер етуіне жол бермеңіз. Ішкі алаңдаушылықтан арылу үшін жұмысқа немесе сүйікті ісіңізге барынша ден қойыңыз.
Мерген
Бұл жолғы жұлдызнамада Мергендер ерекше орын алады. Сіздерді тыныш әрі бірқалыпты апта күтіп тұр. Айтарлықтай өзгерістер мен күтпеген оқиғалар болмайды. Дегенмен жұлдыздар бір жағымды сәтке кепілдік береді — жақын адамыңызбен өткізетін жылы кеш. Бұл романтикалық кездесу де, сырлас доспен немесе туыспен басқосу да болуы мүмкін.
Тауешкі
Алдыңызда тұрақтылық кезеңі басталады. Бұл уақыт өз ұстанымыңызды нығайтып, маңызды мақсаттарға жақындауға мүмкіндік береді. Табысқа жетудің басты кілті — тәртіп пен жауапкершілік. Қазір жұмсаған күш-жігеріңіз болашақтағы үлкен жетістіктердің негізін қалайды.
Суқұйғыш
Жұлдыздар сізге шығармашылық қабілетіңізді ашуға және өзіңізді жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Күтпеген жағдайлардан қорықпаңыз, батыл тәжірибелерге дайын болыңыз. Тағдыр ұсынған ерекше ұсыныстарды қабылдауға тырысыңыз.
Балықтар
Сіздерді қарбалас әрі нәтижелі жұмыс кезеңі күтіп тұр. Қызықты ұсыныстар мен жаңа міндеттер жан-жақтан келетін болады. Сондықтан белсенділік танытып, мүмкіндіктерді жіберіп алмау маңызды. Жаздың басында демалғыңыз келсе де, бұл еңбектің өтеуі мол болады: табысыңыз артып, көптен бері армандаған саяхатқа шығуға мүмкіндік туады.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.