Жаз маусымы ресми түрде басталды, ал ойын ережелері бұрынғыдан да жылдам өзгеруде. Бұл айда жұлдыздар өте талапшыл: біреулерге гардеробпен қатар түйіндемесін де жаңартуға тура келсе, енді біреулерге бәріне көмектесетін «құтқарушы» рөлінен шығып, ақыры жақсылап тынығатын уақыт келді. Алайда жаңа жобаларға бірден кірісіп кетпес бұрын немесе өткеннің көлеңкесінде қалған қарым-қатынастарды қайта қозғаудан бұрын, маусым айына арналған жұлдызнамаға көз жүгіртіңіз. Өйткені алдын ала хабардар болған адам – әрдайым дайын болады.
Тоқты
Маусым Тоқтыларды оқиғаларға толы қарбалас кезеңге жетелейді. Демалуға уақыт аз болады. Бұл айда жұмыс жобаларын дамытуға, жаңа таныстықтар орнатуға және үнемі қозғалыста болуға тура келеді. Дегенмен, тығыз күн тәртібін жақын жандармен өткізілетін жылы жүздесулер мен жайлы кездесулер теңгеріп отырады.
Торпақ
Жаздың алғашқы айында Торпақтардың басты назарында қаржы мәселесі болады. Материалдық жағдайды нығайтуға деген ұмтылыс күшейеді. Жалдамалы қызметкерлер табысы жоғары жұмысқа ауысуды ойласа, кәсіпкерлер бизнесті кеңейту мен кірісті арттыруға басымдық береді. Жұлдыздардың кеңесі – табысқа ұмтыламын деп өзіңізді қажытып алмаңыз.
Егіздер
Ұзаққа созылған көңілсіз кезеңнен кейін Егіздер қайтадан күш-қуат пен өмірге деген құлшынысты сезінеді. Ішкі энергия мен оянған шабыт кез келген қиындықты еңсеруге көмектеседі. Ай барысында жеңіл сырқаттар мазалауы мүмкін, бірақ олар тез өтіп, көңіл күйіңізге айтарлықтай әсер етпейді.
Шаян
Шаяндар үшін рухани даму мен өзгелерге шынайы көмек көрсету кезеңі басталады. Әлемді жақсырақ етуге деген ниетіңіз артып, адамдарға қаншалықты жылу сыйласаңыз, өзіңіз де соншалықты үйлесім табасыз. Бірақ өзіңізді де ұмытпаңыз: таза ауада көбірек серуендеп, медитация жасап, жеткілікті ұйықтауға көңіл бөліңіз.
Арыстан
Арыстандардың табиғи харизмасы, икемділігі мен ашықтығы биіктен көрінеді. Бұл жаңа әрі пайдалы байланыстар орнатуға көмектеседі. Сіз кез келген ортаға тез бейімделіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналасыз. Дегенмен, әділдік үшін күресуге деген кенеттен пайда болатын құлшынысқа абай болған жөн. Артық эмоцияның кесірінен қарым-қатынастарға нұқсан келтіріп алмаңыз.
Бикеш
Бикештерді кәсіби салада үлкен жетістік күтіп тұр. Бұған дейінгі еңбегіңіз, табандылығыңыз бен жауапкершілігіңіз басшылық тарапынан лайықты бағаланып, марапатталады. Сонымен қатар отбасы мәселелері де маңызды орын алады. Жақындарыңызға сіздің қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз бұрынғыдан да қажет болады.
Таразы
Таразылар үшін өзін-өзі дамытуға басымдық беретін уақыт келді. Кәсіби дағдыларды жетілдіріп, жаңа білім бағыттарын меңгеру маңызды. Қазіргі қарқынды өзгерістер заманында тоқтап қалу – кейін шегінумен тең. Шаршаудан қорықпаңыз: қысқа сапарлар мен күтпеген демалыстар шабыт сыйлап, күш-қуатыңызды қалпына келтіреді.
Сарышаян
Бұл ай эмоционалды тұрғыдан тұрақсыз болуы мүмкін. Көңіл күй жиі өзгеріп, логиканың орнын сезімдер басуы ықтимал. Сондықтан маңызды шешім қабылдауда сақ болыңыз. Жұлдыздар тұрмыстық және қаржылық мәселелерді кейінге қалдырмауға кеңес береді: қарыздарды жауып, жинақталған міндеттемелерден арылған жөн.
Мерген
Жаздың алғашқы айы Мергендердің іскерлік және жеке қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді. Айналаңыздағы адамдар сіздің шынайы қасиеттеріңізді байқап, бағалай бастайды. Сізден тек ашықтық пен шынайылық талап етіледі. Адамдарға бір қадам жақындасаңыз, көптеген мәселе өздігінен шешіле бастайды.
Тауешкі
Жиналып қалған аяқталмаған істерді реттейтін уақыт келді. Құжаттарды жүйелеп, электронды поштаны тазалап, кейінге қалдырылған ұсақ-түйек шаруаларды аяқтаңыз. Тіпті жөндеуден кейін сатып ала алмай жүрген интерьер бөлшектері де дәл қазір өзекті болмақ. Барлығын тәртіпке келтірген соң, ірі жобаларға сенімді түрде кірісе аласыз.
Суқұйғыш
Маусым айындағы жұлдызнама Суқұйғыштарға орынды тәуекелден қорықпауға кеңес береді. Дегенмен әр қадамды алдын ала есептеп, белгісіздіктен туатын қорқыныштың ерік-жігеріңізге әсер етуіне жол бермеңіз. Бұл айда күш пен сенімнің басты көзі – отбасы болады. Жақындарыңызбен өткізген уақыт жаңа мақсаттарға батыл қадам жасауға жігер береді.
Балықтар
Балықтар бұрынғыдан да көбірек жылулыққа, жайлылыққа және жақын адамдардың жанында болуға ұмтылады. Сондықтан достық кездесулерден бас тартпаңыз және отбасылық басқосулардың бастамашысы болудан қашпаңыз. Махаббатқа, қолдауға және рухани тыныштыққа толы орта ішкі тепе-теңдігіңізді қалпына келтіріп, өз күшіңізге деген сенімді арттырады.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.