18–24 мамыр аралығында астрологиялық карта қарама-қайшылықтарға толы динамиканы уәде етеді: кейбір жұлдыз белгілері шабыт толқынын ұстаса, енді біреулерге баяулап, уақытша сынақтар алдында сабыр мен төзім танытуға тура келеді. Планеталардың энергиясын дұрыс арнаға қалай бағыттауға болады және дәл сізді не күтіп тұр? Дәл осы сұрақтарға Harper’s BAZAAR Kazakhstan апталық жұлдыз-жорамалы жауап береді.
Тоқты
Алдағы күндері шабыт сіздің жаныңыздан ұзап кеткісі келмейтіндей. Ерекше идеялар мен батыл инсайттар легі тоқтамайды. Дәл қазір өзіңізді толық көрсетуге және ішкі әлеуетіңізді іске қосуға таптырмас уақыт. Бұл аптада сіздің мүмкіндігіңізге шек жоқ.
Торпақ
Ғаламшарлардың қолдауы әсіресе сөзбен жұмыс істейтін жандарға әсер етеді. Журналистер, авторлар, инфлюенсерлер мен көпшілік алдында сөйлейтін мамандар өздерін интеллектуалдық тұрғыдан ең жоғары деңгейде сезінеді. Сәтті жіберіп алмаңыз. Ал егер қызметіңіз мәтін жазумен байланысты болмаса да, алаңдамаңыз: апта бәрібір нәтижелі әрі табысты болмақ.
Егіздер
Сіздің табиғи тартымдылығыңыз бен дипломатиялық қабілетіңіз шарықтау шегіне жетеді. Қазір кез келген адамды өзіңізге қаратып, кез келген ойға сендіре аласыз. Маңызды келіссөздерді кейінге қалдырмаған жөн — тиімді келісімдер сәтті аяқталуы мүмкін. Оның үстіне бұл харизма махаббат мәселесінде де мінсіз жұмыс істейді.
Шаян
Өмір сіз үйреніп қалған «автопилот» режимін уақытша өшіреді. Жұлдыздар сізден шынайы күш пен барынша зейін қоюды талап етеді. Мұны кармалық сабақ деуге де, жай ғана өмір сынағы деуге де болады. Бірақ басты ой анық: өз тағдырыңыз үшін толық жауапкершілікті қолға алатын уақыт келді.
Арыстан
Алдағы күндері сізбен тіл табысу тек батыл жандардың қолынан келеді. Планеталардың ықпалы ішіңіздегі реформаторды оятып, өміріңізді түбегейлі өзгертуге итермелейді. Ескі көпірлерді өртеу қалауы күшеюі мүмкін: мансап бағытын өзгерту немесе жеке қарым-қатынаста соңғы нүкте қою ықтимал.
Бикеш
Астрологтар айналаңыздағы адамдарға сізбен пікірталасқа түспеуге кеңес береді. Ұзақ уақыт бойы сабырдың тасасында жасырылған эмоциялар сыртқа шығуға дайын. Жиналған энергияны жақындарыңызға емес, пайдалы арнаға бағыттаңыз — мысалы, қарқынды жаттығуға. Келісесіз ғой, мінсіз дене бітімі мен эндорфин кез келген ұрыстан әлдеқайда жағымды.
Таразы
Сіз үшін көптен күткен тыныш кезең басталады. Енді аздап аялдап, демалуға мүмкіндік бар. Дедлайндар мен күйзеліс жоқ — тек өзіңізге ыңғайлы баяу ырғақ. Бұл күндерді жақындарыңызға арнап, жұмыс чаттарын ұмытып, сәттен ләззат алыңыз. Ең бастысы — ешқайда асықпаңыз.
Сарышаян
Бұл апта аса өнімді өтпек. Бірінен соң бірі жаңа мүмкіндіктер ашылып, әр күніңіз маңызды жобаларға толы болады. Бірақ жұлдыздардың ескертуі бар: өзіңізді суперқаһарман сезінбеңіз. Күшіңізді асыра бағалап, артық жауапкершілік алып қою қаупі жоғары.
Мерген
Сізді эмоционалдық жеңілдік күтіп тұр. Өткен реніштер мен соңғы күндері жиналған шаршау біртіндеп жоғалады. Әсіресе демалыс күндеріне қарай жан тыныштығын толық сезінесіз. Идеал сценарий — әдемі оңашалық, сүйікті сусыныңыз және ескі классикалық фильмдермен кеш өткізу.
Тауешкі
Қаржыға саналы көзқарас танытатын кезең. Инвестицияңызды қайта қарап, бюджетті реттеп немесе ірі сатып алуларды жоспарлаған дұрыс. Ғарыштық энергия нақты есеп пен стратегияны қолдайды. Сондықтан осы аптада құрылған қаржылық жоспар болашақта жақсы нәтиже береді.
Суқұйғыш
Бикештер секілді сізге де физикалық белсенділік аса қажет. Артық энергияны спортзалға бағыттаңыз — бұл стресстен арылудың ең тиімді жолы. Оның үстіне жұмыс көп шаршатпайды, сондықтан бос уақытты қозғалыс пен динамикаға арнағыңыз келеді.
Балықтар
Іскерлік салада үлкен жеңістерге жететін уақыт келді. Маңызды кездесулер белгілеп, келіссөздерге батыл шығыңыз. Алдағы күндері сіздің сөзіңіз салмақты әрі сенімді естіледі. Интеллектіңіз бен эрудицияңыз серіктестердің құрметі мен сенімін бірден оятады. Табысты келісім жасау — тек сіздің қадам жасауға дайындығыңызға байланысты.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.