+1 Ninety One: Таяуда ғана үйленген ACE алғаш рет әке атанатынын жариялап gender party өткізді
Фото. Instagram @acetagrammy.

+1 Ninety One: Таяуда ғана үйленген ACE алғаш рет әке атанатынын жариялап gender party өткізді

Гүлдана Мұқан
25 августа 2025

ACE – әке атанбақ! Жуырда шаңырақ көтеріп, заңды некеге отырғанын хабарлаған «Ninety One» тобының мүшесі тағы бір қуанышты жаңалығымен бөлісті. Өнерпаз сүйіктісі Нуриламен бірге ұйымдастырған gender party шарасын өзінің жаңа «Surai ber» бейнебаяны арқылы көпшілікке көрсетті. Ал Азамат Ашмақынның болашақ сәбиі – қыз. Музыкант бұл маңызды күнді ең жақын достарымен бірге атап өткен.

«Бүгін өміріміздегі маңызды да көптен күткен сәтпен бөліскім келеді Бұл сәтті біз үлкен толқумен, қуанышпен күттік. Енді кішкентай құпияны ашатын уақыт келді деп ойлаймын. Сіздерді осы жылы әрі қуанышты күнді бізбен бірге өткізуге біздің гендер патиге шақырамыз. Осы ерекше сәтте бізбен болу үшін менің YouTube арнама қосылыңыздар.»


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше