Шынын айту керек, кейде k-beauty әлеміндегі барлық жаңалықты бақылап үлгеру өте қиын. Әдемі әрі сау теріні жақсы көретін жандардың көбінің сөресінде кореялық косметика бар екені анық. Бірақ олардың қайсысы шынымен назар аударуға тұрарлық екенін қалай білуге болады?
Азиялық beauty-нарықта үнемі жаңа инновациялық өнімдер мен ерекше компоненттер пайда болып жатады, ал олардың арасынан сапалысын таңдау оңай емес. Сондықтан Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы ең үздік өнімдерді бір материалға жинады. Біздің гидке кремдер, ерінге арналған бальзамдар, шашқа арналған майлар, санскриндер, тазартқыш құралдар, патчтар, хош иістер мен маскалар енді.
Бьюти-индустриядағы бәсекелестік өте жоғары екенімен келісеміз. Сол себепті брендтер тек сапаны сақтап қана қоймай, өнім құрамына тиімді белсенді компоненттерді енгізуге тырысады. Тізімдегі кейбір кореялық косметикалық өнімдер әлдеқашан бестселлерге айналған: оларды әлем бойынша қолданушылар да (арасында жұлдыздар да бар), сарапшылар да жоғары бағалайды. Басты фавориттерді төменде ұсынамыз.
Бетке арналған жақпа май Dr.Reju-All
Тинт-помада Peripera
Күннен қорғайтын жақпа май FROMRIER EGF
Ерін мен бетке арналған өнім CLIO PROFESSIONAL
Пептидті ерін бальзамы HARUHARU
Тазартқыш құрал The Face Shop
Ерін бальзамы Alternative Stereo
Көз айналасына арналған патчтар Goodal Green
NONFICTION хош иіс суы
Теріге арналған бальзам Hince
Шашқа арналған май La’dor
Бетке арналған маска Rejuran
Тырнаққа арналған құрал Dr.wonder
Душқа арналған гель ILLIYOON
Harper's BAZAAR ұсынған мақаланың түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.