Жылдың ең басты кино түні мәресіне жетті: Академия өз таңдаулыларын атады, ал әлем көрермені дәстүрлі түрде экраннан көз алмады. Алайда «Оскарды» жыл сайын ерекше ықыласпен күттіретін жалғыз себеп — кино ғана емес. Бұл — қызыл кілемдегі сәннің ұлы шеруі, жұлдыздардың стиль арқылы сөйлейтін сәті. «Оскар — 2026» кешін біреулер бұрынғыдай асқақ драматизм мен көз қарықтырар салтанат жетіспеді деп бағалауы мүмкін. Бірақ дәл осы қарапайымдылықтың өзінде биылғы рәсімнің басты сән коды жатыр: атақтылар артық пафостан бас тартып, талғампаз ұстамдылықты, таза силуэттерді және заманауи минимализмді таңдады. Harper’s BAZAAR Kazakhstan қызыл кілемде көзге түскен ең әсерлі әрі есте қаларлық образдарды назарға ұсынады.
Ирония үшін Эмма Стоун Джейн Остиннің «Эмма» романындағы өз аттас кейіпкеріне айналуды жөн көргендей. Ампир стиліндегі Louis Vuitton көйлегі мен Repossi әшекейлері бұл әсерді күшейтті.
Николь Кидман қауырсындар мен кристалдармен безендірілген айрықша Chanel көйлегінде. Айтпақшы, актрисаға әшекейлерді де сол француз сән үйі ұсынды.
Босқа емес, біз жақында өткен көрсетілімде Chanel. Жұлдыз маңызды кеш үшін брендтің киімін таңдады. Сондай-ақ Tiffany & Co. әшекейлерін таңдады.
Роуз Бирн Dior-дың сәнді көйлегінде аса әсерлі көрінді.
Джесси Бакли «Оскар — 2026»-ға арнайы тігілген Chanel аутфитінде келіп, сахнадан — көптен күткен мүсіншемен кетті.
Педро Паскаль да Chanel-дің жақын досына айналды. «Тақтар ойыны» жұлдызының кезекті мінсіз образы айрықша аристократтық реңкке ие.
Эми Мэдиган да «Оскарға» қол жеткізді, бірақ «Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» үшін. Қиялға толы қауырсындармен көмкерілген Dior образы еркіндіктің, шығармашылық шабытының әрі табыстың символы болды.
Деми Мур әріптестерін көлеңкеде қалдырмақ ниетпен Gucci киімін таңдады. Ол мұны мүлтіксіз орындады.
«Тыныш сән-салтанаттың» жанкүйері Гвинет Пэлтроу бұл жолы өз стилінен сәл шегінгендей. Минималистік Armani Privé көйлегі шын мәнінде бір құпияны жасырады — қапталдағы ойықтар мен кристалл кірістіремелер.
Тимоти Шаламе биыл жүлдесіз қалды. Бірақ Givenchy образы көрермендер ықыласының барлық «жүлделерін» жинады.
Чейз Инфинити бәріне нағыз су перілері қалай көрінетінін еске салды. Спойлер: олар арнайы тігілген Louis Vuitton көйлектерін киіп, De Beers әшекейлерін тағады.
Майки Мэдисон соңғы бір жылда Dior және Tiffany & Co. брендтерінің елшісі атанды. Оны өзге маркалардың киімі мен әшекейінде көру шынында да тосын болар еді.
Голливудтың екі «хоккейшісінің» бірін — Хадсон Уильямсты — «Оскар — 2026»-ға да шақырды. Balenciaga образы мен Bvlgari әшекейлері бірге өте сәнді де еркін көрінеді.
Ренате Рейнсве аса сөзге сараң болды. Қып-қызыл түстегі Louis Vuitton аутфиті мен Giuseppe Zanotti аяқ киімі — оның сәндік мәлімдемесі.
Джейкоб Элорди классикаға адалды қалды — дәстүрлі Bottega Veneta смокингі мен ықшам Cartier әшекейлері.
«Оскар» өлшемімен алғанда Зои Салдана өте қарапайым Saint Laurent көйлегін таңдады, есесіне ол «Аватар» жұлдызының эстетикасын мінсіз ашады. Cartier әшекейлері актрисаның бейнесін керемет түйіндеді.
Леонардо Ди Каприо, сірә, мұртын Педро Паскальдан «қарызға алғандай». Ал костюмді өзі таңдаған сияқты. Оскарлы актерге оны Dior командасы ұсынды.
Кейт Хадсоннан, оның аспан түстес Armani Privé нарядынан және Garatti әшекейлерінен көзді ала беру әзірге мүмкін болмай тұр.
EJAE өз алғашқы «Оскарын» сахнаға шығып, символдық алтын түсті Dior көйлегінде қабыл алды. «Кей-поп — жын аулаушылары» сериалының жұлдызы жеңісін өзіне тартқандай.
Маккенна Грейс үшін нәзік образды Vera Wang әзірледі. Бұл бейнесінде ол заманауи ханшайымға ұқсайды.
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.