Зендея Лас-Вегастағы үйлену тойында жас жұбайларға тосынсый жасады
Фото. Getty Images. Авторы. Gareth Cattermole.

Зендея Лас-Вегастағы үйлену тойында жас жұбайларға тосынсый жасады

16 марта 2026

Актриса Зендея Лас-Вегастағы жас жұбайларға ерекше әрі күтпеген тосынсый жасап, көпшілікті тәнті етті. Бұл туралы Harper’s BAZAAR хабарлады. Белгілі актриса қаладағы шағын үйлену рәсімі өтетін шіркеулердің біріне аяқ астынан келіп, жай ғана қонақ болып қоймай, тіпті неке қию рәсімінің ресми куәгері атанған.

Бұл оқиға мүлде күтпеген жерден болған. Ерекше кездесу A24 студиясы жаңа «Вот это драма!» фильмінің жарнамалық науқаны аясында ұйымдастырған pop-up шіркеуде орын алған. Зендея сол жерге тек үйлену рәсімін тамашалау үшін кіргенімен, оған жас жұбайлардың неке құжаттарына қол қою ұсынылған. Актриса үшін бұл да ерекше тәжірибе болса керек. Бұған дейін ол сан түрлі затқа қолтаңба қалдырғанымен, неке куәлігіне алғаш рет қол қойғаны анық.

Айта кетейік, бұл шараға Зендея 2000-жылдар стиліндегі жарқын образбен келген. Ол Louis Vuitton брендінің 2004 жылғы көктем-жаз топтамасынан алынған жеңсіз сары топ пен өрнекті белдемше киіп, көпшіліктің назарын аударды. Ал образын жаңа шаш үлгісі одан әрі толықтыра түскен.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше