2026 жылы өзге сұраныстың бәрін ығыстыратын басты джинсы трендтері
Фото. Spotlight; Shutterstock. Авторлары. Fordham Dabney және pics five

2026 жылы өзге сұраныстың бәрін ығыстыратын басты джинсы трендтері

12 марта 2026

Деним біздің гардеробымызда соншалықты берік орын алғаны сонша, көп жағдайда образымызды дәл соған қарай үйлестіреміз. Гардеробтың бұл базалық элементі де заман ағымынан қалыс қалмау үшін үнемі жаңарып, трендтерге бейімделіп отырады. Әрине, кез келген сәтте сенімді таңдау бола алатын мәңгілік классика да бар. Harper’s BAZAAR Kazakhstan 2026 жылдың ең өзекті джинсы трендтері туралы баяндайды. Егер сән әлеміндегі жаңалықтардан хабардар болып, трендтен қалғыңыз келмесе, бұл тізіммен міндетті түрде танысып шығыңыз.

Бөшке пішінді джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Celine, көктем-жаз 2026

Бұл модель бірнеше маусым қатарынан сән рейтингтерінің көш басынан түскен жоқ. Оның танымалдығы жақын арада бәсеңдейтін түрі де байқалмайды. Бұл — әлі мұндай фасонды киіп көрмегендер үшін тамаша жаңалық. Стилисттер бөшке пішінді джинсыны денеге қонымды, ықшам үстіңгі киіммен үйлестіруге кеңес береді. Осылайша силуэт тепе-тең әрі сәнді көрінеді.

Түрлі-түсті джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Chloé, көктем-жаз 2026

Жарқын түсті джинсы — гардеробыңыздағы сергітетін бір кесе қою кофедей әсер береді. Егер көптен бері образға ерекше акцент беретін, көз тартарлық дүние іздеп жүрсеңіз, оны таптым деп есептей беріңіз. Көктем мен жаз маусымында мұндай деним шалбарлар ерекше үйлесім табады.

Деним қысқа белдемше

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Dior, көктем-жаз 2026

Джинсы қысқа белдемше әрдайым жастықтың, еркіндіктің және тартымдылықтың символы болып келеді. Сонымен қатар ол 2000-жылдар эстетикасымен тығыз байланысты. Ал Y2K стилі әлі де өзекті болып тұрған кезде, неге бұл гардероб элементін көктемгі образдарыңызға қоспасқа?

Тік пішімді джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Tibi, көктем-жаз 2026

Классикалық киімдердің басты артықшылығы — олардың қашанда сергек, заманауи әрі өзекті көрінуінде. Тік пішімді джинсы кез келген образға оңай үйлеседі: кеңселік стильден бастап, сәнді әрі салтанатты жиындарға дейін. Бұл — әрдайым ұтымды таңдау.

Принті бар джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Etro, көктем-жаз 2026

Принті бар джинсы биылғы ең ыстық трендтердің бірі екенін біз бұған дейін де айтқан едік. Енді оны креативтілік пен ерекше стильді бағалайтын жандардың есіне тағы бір саламыз. Мұндай джинсы сіздің образдарыңызға мінез, айқындық және шығармашылық реңк қосады.

Кең балақты джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Stella Mccartney, көктем-жаз 2026

2026 жылдың басты джинсы трендтері әртүрлі модельдерді қамтиды, ал кең балақты джинсылар бұл тізімге тағы да енді. Ең ыңғайлы, практикалық әрі функционалды модель әлі де must have санатында. Ол скинниге жол беруге асығар емес. Дегенмен, сән әлемінде бәрін уақыт көрсетеді.

Қайырмалы қысқартылған джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Khaite, көктем-жаз 2026

Қысқалау джинсы — әзірге капри киюге дайын емес жандар үшін тамаша балама. Еркін әрі бейресми стильдегі бұл модель өзгеше, қалыптан тыс образдар жасауға көмектеседі. Ең бастысы — оны дұрыс үйлестіріп, ерекше стиль қалыптастыру.

Тар джинсы бәрібір оралады

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Spotlight. Celine, көктем-жаз 2026

Скинни джинсылар бірнеше маусым бойы қайта оралуға талпынып жүр, бірақ әзірге олардың бұл миссиясы толық жүзеге аса қойған жоқ. Соған қарамастан, дизайнерлер тар джинсыларды өз коллекцияларына қосудан жалықпай келеді. Демек, біз де оларға қайтадан мүмкіндік беруге дайын сияқтымыз.

Бүктемелі джинсы

Главные джинсовые тренды, которые заменят все остальные тенденции в 2026 году
Фото. Polo Ralph Lauren брендінің баспасөз қызметі.

Дизайнерлердің оригамиге деген әуестігі күн өткен сайын айқынырақ сезіледі. Енді бүктемелер тек көйлектерде ғана емес, джинсыларда да көрініс табуда — бел тұсында, қалталарда, тіпті балақтарда. Мұндай шешім ерекше әрі тосын көрінгенімен, күнделікті өмірге әбден лайық. Сондықтан байқап көруге тұрарлық.

Harper’s BAZAAR журналының мақаласының түпнұсқасын сілтеме оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше