Наурыз айының сәнді инвестициясы: нені сатып алған жөн?
Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Наурыз айының сәнді инвестициясы: нені сатып алған жөн?

11 марта 2026

Сән әлемі өткен күздің соңынан бері military эстетикасындағы жакеттердің 2026 жылдың көктеміндегі ең сұранысқа ие трендтердің біріне айналатынын айтып келеді. Сондықтан мұндай модельдер — наурыз айындағы ең ұтымды сәнді инвестициялардың бірі.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan атап өткендей, әскери стиль элементтері трендтер қатарына біртіндеп қайта оралып жатыр. Бұл үрдісті сән қауымдастығы жылы қабылдауда. Себебі сарбаздар мен генералдардың винтаж формасынан шабыт алған силуэттер қаншалықты парадоксалды естілсе де, сән тарихында әрдайым еркіндік пен күштің символы ретінде қабылданған.

Мұндай блейзерлерді өз гардеробыңызға да еркін енгізе аласыз. Ең үлкен артықшылығы — олардың аса әмбебаптылығы. Жұлдыздар мұндай жакеттерді әлдеқашан образдарына қосқан, сондықтан олардан емін-еркін үлгі алыңыз. Оларды іскери шалбармен де, джинсімен де, сондай-ақ романтикалық көйлектермен де үйлестіріңіз. Әдетте бірнеше стиль тоғысқан образдар анағұрлым шынайы әрі өзіндік көрінеді.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше