Алдағы апта тосын өзгерістерге толы болмақ. Біреулерді мансаптағы күтпеген мүмкіндіктер қуантса, енді біреулерге қала қарбаласынан алыстап, тынығуға деген қажеттілік күшейеді. Бұған әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі — ретроградты Меркурийдің басталуы. Сондықтан жұлдыздардың кеңесіне құлақ асып, алдағы жеті күнді барынша тиімді өткізген жөн.
Тоқты
Бұл аптада күтпеген жағдайлар жиі кездесуі мүмкін. Сондықтан сабыр сақтап, әр қадамыңызды ойланып жасаңыз. Айналаңыздағы адамдардың әр әрекетінен астар іздеп, өзіңізді күмәнға салмаңыз. Артық күдік күш-қуатыңызды сарқып, маңызды жетістіктерге жетуге кедергі келтіруі мүмкін.
Торпақ
Ішкі түйсігіңіз сізді қаладан алыстап, тыныш жерде демалуға жетелейді. Табиғат аясындағы қонақүй немесе шағын саяжай — дәл қазір ең дұрыс таңдау. Жұмыс чаттарын үнемі бақылауға тырыспаңыз. Бірнеше күндік цифрлық үзіліс әлемді тоқтатпайды, керісінше, жан дүниеңізді тынықтырып, күш-қуатыңызды қалпына келтіреді.
Егіздер
Жұмыс орнындағы қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеретін уақыт келді. Әріптестермен бейресми кездесу немесе тимбилдинг ұйымдастыру пайдалы болмақ. Егер басшылық қызметте болсаңыз, ұжымға шағын мереке сыйлаңыз. Командаға салынған инвестиция ұзақ күттірмей өз жемісін береді.
Шаян
Бұл аптада қолға алған кез келген ісіңіз мінсіз орындалуы тиіс. Қарапайым есептен бастап ауқымды жобаға дейін жауапкершілікпен қараңыз. Басшылық пен серіктестер дәл қазір сіздің кәсіби деңгейіңізге ерекше назар аударады. Бұл қаржылық өсімге бастайтын маңызды кезең болуы мүмкін.
Арыстан
Эмоциялар шегіне жетуі мүмкін, бірақ жанжалға барудан аулақ болған жөн. Біреуден кек қайтарғыңыз келсе де, сабыр сақтап, ақылмен әрекет етіңіз. Қазіргі ең үлкен жеңісіңіз — абыройыңызды сақтап қалу.
Бикеш
Жұлдыздар ірі мәмілелерді кейінге қалдыруға кеңес береді. Әсіресе жылжымайтын мүлікті сатып алу немесе сату мәселесінде асықпаңыз. Ұзақ мерзімді келісімдерге қол қоюға әзірге қолайлы уақыт емес. Ретроградты Меркурий маңызды жайттарды назардан тыс қалдыруы мүмкін. Келесі аптада жағдай әлдеқайда қолайлы болады.
Таразы
Алдағы күндері басты қағидаңыз — жылдамдық емес, сапа болуы керек. Жұмысты ұқыптылықпен атқарыңыз, бірақ уақытты да тиімді пайдаланыңыз. Өзгелердің де уақытын құрметтеуді ұмытпаңыз. Шығармашылық пен өнімділікті қатар алып жүрсеңіз, мақсатыңызға тезірек жетесіз.
Сарышаян
Бұл апта барынша жинақылық пен сабырлылықты талап етеді. Жұмыста күтпеген өзгерістер немесе қиындықтар туындауы мүмкін. Алайда салқынқандылық танытсаңыз, кез келген жағдайды өз пайдаңызға шеше аласыз. Жеке өмірде де артық драмадан аулақ болып, ымыраға келуге тырысыңыз.
Мерген
Алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер мен қызықты ұсыныстар ашылады. Бірақ бәріне бірдей келісуге асықпаңыз. Ең маңызды дүниелерге басымдық бергеніңіз дұрыс. Махаббатта да жағымды кезең басталады. Серіктесіңізбен ашық әрі шынайы әңгімелесуге дайын болыңыз.
Тауешкі
Бұл апта мансап пен қаржылық тұрақтылық тұрғысынан сәтті өтеді. Еңбегіңіздің жемісін көріп, маңызды келіссөздер жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы ықтимал. Дегенмен жұмыспен шектен тыс әуестенбей, жақындарыңызға да уақыт бөліңіз. Олар дәл қазір сіздің қолдауыңызға мұқтаж.
Суқұйғыш
Алда қарбалас, бірақ өте нәтижелі күндер күтіп тұр. Бұрыннан кейінге қалдырылған істерді аяқтап, жаңа жобаларға дайындық жасауға қолайлы кезең. Бұл аптада ішкі түйсігіңізге сеніңіз — ол сізді дұрыс шешімге жетелейді.
Балықтар
Шабыт тасып, жаңа белестерді бағындыруға деген құлшыныс артады. Бұл — шығармашылықпен айналысуға, білім алуға және өзіңізді жаңа қырынан көрсетуге өте қолайлы уақыт. Жұмыста күтпеген мүмкіндіктер туындауы мүмкін. Мінсіз сәтті күтпей, бастаманы өз қолыңызға алыңыз және өзіңізді батыл танытыңыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.