Көктемнің қарбаласы артта қалып, күнтізбе жаздың алғашқы айына қадам басты. Ал маусым өзімен бірге жаңа жоспарлар, тың мүмкіндіктер мен өмірдің жарқын кезеңіне деген ерекше үміт әкеледі. Осы көңіл күйге сай дайындалған маусым айының бьюти-жұлдызнамасы да жарқыраған әрі әсем шықты — дәл Rhode жарнамасындағы Хейли Бибердің мінсіз терісіндей. Harper’s BAZAAR Kazakhstan мамандары шаш қию, маникюр және косметологиялық процедуралар үшін ең қолайлы күндерді анықтап, жазғы косметикалық сөмкеде міндетті түрде болуы тиіс бьюти-құралдарды таңдады.
Шаш қию мен бояуға қолайлы күндер: 1, 2, 6, 7, 12, 19–21, 23–26, 28–29 маусым. Маникюр мен педикюрді кез келген күні жасауға болады, алайда ең ұзақ сақталатын нәтижеге 2, 4–6, 7–9, 10–13, 18, 20–21, 24, 25, 28–30 маусым** күндері қол жеткізуге болады. Күтім процедуралары үшін ең сәтті күндер: 3, 4, 5, 9, 13, 16, 17, 21, 25, 27, 28 маусым. Ал косметологиялық инъекциялар жасауға қолайлы уақыт: 2, 3, 4, 9, 13, 17, 21, 27 және 28 маусым. Енді жаздың алғашқы айы әр зодиак белгісі үшін қандай тосынсый дайындағанына назар аударайық.
Тоқты
Терең тыныс алып, өзіңізге аздап демалыс беріңіз. Өмір дәл осы сәтте өтіп жатыр, ал сіз тоқтаусыз жұмыс істейтін энергия көзі емессіз. Бар жауапкершілікті тағы да өз мойныңызға алсаңыз, эмоционалдық шаршау мен күйзеліске ұшырауыңыз мүмкін. Бұл теріңіздің жағдайына да әсер етеді. Сондықтан тыныштандыратын бет маскасын күтім рәсімінің басты бөлігіне айналдырыңыз.
Торпақ
Маусымдағы басты міндетіңіз — өзіңізге қамқор болуды ұмытпау. Өзіңізге қаншалықты көп көңіл бөлсеңіз, ғаламнан да соншалықты жағымды сый аласыз. Хош иісті массажға жазылып, үй жағдайында SPA-кеш ұйымдастырыңыз. Ал күтімнің соңында денеге арналған нәрлендіретін сүтті пайдалануды ұмытпаңыз.
Егіздер
Бұл ай эмоцияға толы болуы мүмкін. Сондықтан күтпеген сезім толқындарына таңғалмаңыз. Көз жасы тек мұңнан емес, қуаныштан да ағуы мүмкін. Ал макияждың мінсіздігін сақтау үшін суға төзімді сүрмені таңдаған жөн.
Шаян
Маусымда сіз айналаңыздағы адамдарға бұрынғыдан да мейірімді әрі қамқор бола түсесіз. Жақындарыңызды жиі құшақтап, бейтаныс адамдарға жылы сөз айтуға бейім боласыз. Мұның қайтарымы да ерекше болады — комплименттер легі сізді айналып өтпейді. Әсіресе мінсіз теріңіз бен табиғи реңкіңіз көпшіліктің назарын аударады.
Арыстан
Маусым айында жұмыс кестеңіз тығыз болып, дедлайндар көбейгенімен, денсаулығыңыз демалысқа көңіл бөлуді талап етеді. Ал айдың соңына қарай қоғамдық шаралар көбейіп, бар назар сізге ауады. Дұрыс күтімнің арқасында шашыңыз ерекше жарқырап, кез келген ортада көзге түсесіз.
Бикеш
Тіпті ең ұстамды Бикештің өзі маусымда күтпеген шешім қабылдауы мүмкін. Кенеттен саяхатқа шығу, жұмыс ауыстыру немесе жаңа романтикаға жол ашу ықтималдығы жоғары. Бұл өзгерістер сұлулық әлеміне де қатысты. Батыл қадам жасап, жарқыраған сұйық глиттер секілді ерекше трендтерді байқап көріңіз.
Таразы
Таразы белгісіндегілер бұл айда керісінше үйдегі жайлылықты таңдауы мүмкін. Терезенің ар жағында жаз болғанымен, үйден шыққыңыз келмей, аспаздыққа қызығушылық артады. Айтпақшы, бүгінде сары май тек тәтті тоқаштардың ғана емес, сәнді маникюрдің де басты шабыт көзіне айналған.
Сарышаян
Маусымда жан дүниеңіз ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан өткенді ойлап, қажетсіз естеліктерге берілудің орнына өзіңізге көңіл бөліңіз. Денеге арналған пилинг жасап, жаңаруға мүмкіндік беріңіз. Бұл сізге жеңілдік пен сергектік сыйлайды.
Мерген
Саяхат маусымында сіз өзіңізді Дубайдың қақ ортасынан немесе шығармашыл визажистің креслосынан табуыңыз мүмкін. Әсіресе екінші нұсқа өте сәтті болмақ. Түрлі эксперименттерден қорықпаңыз, сүйікті реңктеріңізді пайдаланып, креативті көз макияжын жасап көріңіз.
Тауешкі
Маусымда үнемшіл Тауешкінің өзі өзіне қаржы жұмсаудың уақыты келгенін түсінеді. Ең дұрыс инвестициялардың бірі — сапалы люкс косметика. Мысалы, Dior ерін далабы кез келген косметикалық сөмкенің сәнін келтіріп қана қоймай, өзіңізге деген сенімді арттыра түседі.
Суқұйғыш
Бұл айда имиджіңізді өзгерткіңіз келетіні анық. Алайда бұрынғы әдеттерге сүйенбей, жаңа бағыт таңдаған жөн. Ашық қызғылт шаштың орнына табиғи әрі жылы реңктерді, ал тым айқын көз контурларының орнына жұмсақ қоңыр түстерді таңдаңыз.
Балықтар
Жаздың басында ішкі түйсігіңізге көбірек сеніңіз. Ол сізге кез келген мәселенің дұрыс шешімін көрсетеді. Сонымен қатар ағзадағы су балансын сақтау маңызды. Көбірек су ішіп, теріңізге жеткілікті ылғал беруді ұмытпаңыз. Бұл ретте сапалы ылғалдандырғыш крем сіздің басты көмекшіңізге айналады.
Автор. Мария Машкова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.