6–12 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал: зодиак белгілеріне апта бойы берілетін кеңестер
Фото. Даррел Хантер.

6–12 сәуірге арналған жұлдыз-жорамал: зодиак белгілеріне апта бойы берілетін кеңестер

06 апреля 2026

6–12 сәуір аралығына арналған жұлдыз-жорамал алда белсенді әрі біршама қарбалас кезең күтіп тұрғанын ескертеді. Әсіресе, жұмысқа қатысты мәселелерде жауапкершілік артып, қарқын күшейеді. Барлық міндетті сәтті еңсеру үшін ұқыптылық, сабыр және жоғары темпке ілесе білу қажет болады. Елеулі нәтижеге тек тәртіп пен табандылықтың арқасында ғана қол жеткізуге болатынын ұмытпаған жөн. Сондықтан күш-қуатты босқа шашыратпай, оны дұрыс бағыттап, тиімді бөлу маңызды.

Тоқты

Демалыс күндеріне дейін бойыңыздағы жігерді жоғалтып алмауға тырысыңыз. Дәл осы сергек көңіл күй мен ішкі қуат сізге қарбалас әрі жүктемесі көп күндерді жеңіл еңсеруге көмектеседі. Жұмыс барысында барынша мұқият әрі белсенді болғаныңыз дұрыс. Сонымен қатар, іскерлік қарым-қатынаста белгілі бір арақашықтық сақтап, жеке өмір мен кәсіби байланысты араластырмаған жөн.

Торпақ

Сіз қазірдің өзінде көп еңбек сіңірдіңіз, енді оның жемісін көретін сәт те алыс емес. Көрсеткен күш-жігеріңіз міндетті түрде өз нәтижесін береді. Алайда дәл қазір оқиғаларды асықтырудың қажеті жоқ. Сабыр сақтап, бәріне бірден қол жеткізуге тырыспаңыз. Асығыстық өзіңізге тиесілі мүмкіндіктің бір бөлігінен айырып жіберуі мүмкін.

Егіздер

Егіздер үшін бұл апта қаржылық жағдайды жақсартуға және тіпті мансапта өсуге қолайлы кезең болмақ. Бірақ ол үшін шынымен де бар күшіңізді салуға тура келеді. Бастама көтеруден қорықпаңыз, жауапкершілікті көбірек мойынға алып, нәтижеге қызығушылығыңызды көрсетіңіз. Сіздің тәжірибеңіз, қабілетіңіз және дамуға деген ұмтылысыңыз міндетті түрде назардан тыс қалмайды.

Гороскоп на неделю с 6 по 12 апреля: к чем быть готовой?
Фото. Даррел Хантер.

Шаян

Бұл апта біршама күрделі өтуі мүмкін, бірақ сонымен қатар өте өнімді кезеңге айналады. Егер күш-қуатыңызды екінші кезектегі дүниелерге жұмсамасаңыз, барлығына жетеді. Ең маңызды істерге назар аударып, артық нәрсеге алаңдамаңыз. Демалуға да, өзіңізге көңіл бөлуге де уақыт табылады. Бірақ әзірге басымдықты жұмыс пен күнделікті міндеттерге берген дұрыс.

Арыстан

Қазір сіз шабытқа толысыз, сондықтан бұл — шығармашылық қырыңызды ашуға таптырмас сәт. Жаңа нәрсені байқап көріңіз: сурет салу, музыка, немесе қиялыңызды еркін көрсете алатын кез келген іс сізге жақсы әсер береді. Ішкі әлеуетіңізді неғұрлым көбірек ашсаңыз, соғұрлым күш-қуаттың артқанын және процестен ләззат алғаныңызды анық сезінесіз.

Бикеш

Көптеген мәселе сіз бәрін жалғыз өзіңіз көтеруге тырыспасаңыз, әлдеқайда оңай шешіледі. Сәуір айының басы командалық жұмысқа, серіктестікке және міндеттерді сауатты бөлуге өте қолайлы. Бірлесе әрекет етсеңіздер, нәтижеге тезірек әрі тиімдірек жетесіздер. Бірақ әріптестермен қарым-қатынаста абай болған жөн: достық көңіл жақсы болғанымен, жеке тақырыптарды ортақ талқыға салмаған дұрыс.

Гороскоп на неделю с 6 по 12 апреля: к чем быть готовой?
Фото. Даррел Хантер.

Таразы

Бұл аптада өзіңіздің ішкі түйсігіңізге құлақ асу аса маңызды. Интуиция сізге дұрыс бағытты көрсетіп, екіұшты жағдайда нақты шешім қабылдауға көмектесуі мүмкін. Егер өзіңізді және шынайы қалауыңызды анық сезінгіңіз келсе, біраз уақытқа қабылдауды әлсірететін, ішкі тепе-теңдікті бұзатын нәрселерден бас тартқан жөн. Ішкі күйіңіз неғұрлым таза болса, соғұрлым жауапты табу оңайырақ болады.

Сарышаян

Бұл апта сізге іскерлік салада тиімді мүмкіндік әкелуі мүмкін. Маңызды әрі пайдалы келісімге келу ықтималдығы жоғары. Сіздің адамдарды сезіне білуіңіз, сендіре алуыңыз және әңгімені дұрыс құра білуіңіз басты артықшылығыңызға айналады. Табандылық танытудан қорықпаңыз, бірақ оны артық қысымсыз көрсеткен дұрыс.

Мерген

Сізді жұмыс ауыстыру туралы ой біраздан бері мазалап жүрген секілді. Қалыптасқан орта бұрынғыдай шабыт бермейді, ал кәсіби өмірге деген талаптарыңыз да өсе түскен. Егер алға жылжитын уақыт келді деп сезсеңіз, бұл қадамды кейінге қалдырмаңыз. Бірақ бәрін әдемі аяқтау маңызды: алдымен басталған істерді тәмамдап, міндеттемелеріңізді орындаңыз. Мұндай ұстаным беделіңізді сақтап, артыңыздан жақсы әсер қалдыруға көмектеседі.

Гороскоп на неделю с 6 по 12 апреля: к чем быть готовой?
Фото. Даррел Хантер.

Тауешкі

Уақытша қиындықтардың сізді жолдан тайдыруына жол бермеңіз. Қазір ішкі тұрақтылықты сақтау және өзіңізді жақсы нәтижеге бағыттау өте маңызды. Сіз неғұрлым сабырлы әрі сенімді болсаңыз, соғұрлым өзіңізге қажет мүмкіндіктерді тарту оңайырақ болады. Сонымен бірге, өз әрекеттеріңізге, сөздеріңізге және шешімдеріңізге мұқият қарап, айналаңыздағы адамдардың мінез-құлқын да саралап жүргеніңіз пайдалы.

Суқұйғыш

Өткен шақ күтпеген жерден өзін еске салуы мүмкін. Ескі естеліктер, бұрынғы сезімдер мен сағыныш сізге кезінде қатты әсер еткен адамды немесе жағдайды қайта жақындатуы ықтимал. Бұрын бәрі жарқын әрі әсерлі көрінген кезеңге оралғыңыз келуі мүмкін. Бірақ артқа қадам жасамас бұрын, сол кезең не себепті өткенде қалғанын өзіңізден шынайы түрде сұрап алған жөн.

Балықтар

Алдағы күндері сізге әсіресе дипломатиялық қабілет пен нәзік әрекет ету шеберлігі қажет болады. Қысым көрсету, эмоцияға ерік беру немесе жанжал арқылы қалағаныңызға жету қиынға соғуы мүмкін. Керісінше, жұмсақтық, тапқырлық және адамдарды өзіңізге тарта білу әлдеқайда тиімді нәтиже береді. Егер икемділік танытып, орынды жерде сәл қулыққа да барсаңыз, күткеніңізден де көп нәрсеге қол жеткізе аласыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше