Жұлдыздар әрбір зодиак белгісіне жаңа мүмкіндіктер мен мүмкіндіктер сыйламақ. Алайда бұл кезеңде жақын жандармен болмашы тұрмыстық кикілжіңдерге ұрынып қалу қаупі де жоғары. Сондықтан эмоцияға ерік бермей, әр сөзіңіздің салдарын ой елегінен өткізіңіз. Ал қалғаны туралы апталық жұлдыз-жорамалдан біле аласыз.
Тоқты
Бұл аптада күш-қуатыңыз тасып, жаңа бастамаларға деген ынтаңыз артады. Алайда осы энергияңызды өз артықшылығыңызды дәлелдеуге емес, пайдалы іске жұмсаған жөн. Сондай-ақ көпшіліктің назарын өзіңізге аударуға тырыспаңыз. Көтеріңкі көңіл-күйдің әсерімен орындалуы қиын уәделер беріп қоюыңыз мүмкін.
Торпақ
Алдыңызда қаржылық тұрақтылық пен жақсы көңіл күйге толы кезең тұр. Ең бастысы – айналаңыздағы адамдарға мұқият болыңыз. Сізді әдейі арандатып, ашуыңызды қоздырғысы келетін жандардан аулақ жүргеніңіз дұрыс. Олардың әрекетіне эмоциямен жауап беру өз күшіңізді сарқып, жағдайыңызды қиындатуы мүмкін.
Егіздер
Еңбек етпей жетістікке жету мүмкін емес. Егер қазіргі нәтижелеріңіз көңіліңізден шықпай жүрсе, өзіңізге шынайы баға беретін уақыт келді. Өзіңізді аяп, әрекетсіздігіңізге себеп іздеуді доғарыңыз. Мұндай әдет даму жолыңызды тежеп, беделіңізге де әсер етеді. Енді нақты қадам жасайтын кез жетті.
Шаян
Сәттілік сіз үшін аса маңызды салада серік болады. Сондықтан батыл жоспарлар құрып, ауқымды жобаларға кірісуден қорықпаңыз. Әрине, жетістігіңізді көре алмайтындар да табылады. Олар еңбегіңізді бағаламауға тырысуы мүмкін. Мұндай сынға мән бермей, өз жолыңызбен жүріңіз.
Арыстан
Алдағы күндер махаббат пен романтикаға толы болмақ. Дегенмен қарым-қатынасты тым асықтырып, болашаққа үлкен жоспар құруға ертерек. Барлығын табиғи ағысымен қабылдаңыз. Егер жеке өміріңіз қазір басты орында болмаса, шабыт пен күшіңізді кәсіби салаға бағыттаңыз. Бұл табысыңызды айтарлықтай арттыруы мүмкін.
Бикеш
Жақын күндері өз батылдығыңыз бен табандылығыңызға өзіңіз таңғаласыз. Кейбір адамдар сіздің әрекеттеріңізді тым қатаң немесе кесімді деп қабылдауы мүмкін. Алайда дәл осы мінезіңіз сізге пайда әкеледі. Ең бастысы – өз ұстанымыңыздан таймаңыз. Сонымен қатар денсаулығыңызға көңіл бөліп, ағзаңызға демалыс сыйлауды ұмытпаңыз.
Таразы
Жұлдыздар өнімділіктің төмендеуі мен көңіл-күйдің құбылуын ескертеді. Енжарлық салдарынан маңызды мәселелерді кейінге ысырып, қолайсыз ұсыныстарға келісіп қою қаупі бар. Бұған жол бермеңіз. Қиындықтан қашу мәселені шешпейді. Керісінше, өзіңізді сергітіп, жаңа күш табудың жолын іздеңіз.
Сарышаян
Бұл аптада сізді өзіңізге қатысы жоқ даулар мен пікірталастарға тартуға тырысатындар көп болады. Мұндай жағдайда өзіңізден: «Маған бұл не үшін қажет?» деп сұраңыз. Артық энергияңызды бос таласқа емес, өз жобаларыңызға жұмсаған әлдеқайда тиімді. Сол кезде еңбегіңіз де лайықты бағаланады.
Мерген
Әдетте сіздің тартымдылығыңыз бен дипломатиялық қасиетіңіз кез келген жағдайдан шығуға көмектеседі. Алайда бұл жолы айналаңыздағы адамдармен келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Осындай сәттерде сабырлы әрі дана кеңесші рөлін таңдаңыз. Дауда жеңуге емес, ортақ шешім табуға ұмтылыңыз. Сонда пікіріңізге міндетті түрде құлақ асады.
Тауешкі
Бұл аптада ұжыммен қарым-қатынасыңызға назар аударуға тура келеді. Сіз әріптестеріңізді жігерлендіре білесіз, бірақ жетістікті өзгелермен бөлісу әрдайым оңай бола бермейді. Мүмкін, сіз жалдамалы жұмыстың аясынан шығып, жеке жобаңызды бастауға дайын шығарсыз. Осы туралы тереңірек ойланған жөн.
Суқұйғыш
Қызық жағдайға тап болуыңыз мүмкін: бөгде адамдармен тіл табысу оңай болғанымен, отбасы мүшелерімен түсінісу қиындай түседі. Жақындарыңызбен арадағы түсінбеушілік көңіліңізге ауыр тиюі ықтимал. Дегенмен асығыс шешім қабылдап, қарым-қатынасты үзудің қажеті жоқ. Қазіргі ішкі өзгерістеріңіз оқшаулануды емес, керісінше жақындықты талап етеді.
Балықтар
Бұл аптада әлеуметтік рөлдерді шатастырмауға кеңес беріледі. Егер жұмыста бәрін бақылауда ұстап, шешім қабылдауға үйренген болсаңыз, сол мінезді жеке өміріңізге көшірмеңіз. Сүйікті адамыңызға өз шарттарыңызды таңуға тырысу жақсы нәтиже бермейді. Қазір сізден романтика, мейірім мен жан жылуы күтіледі.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.