«Ажырасқаннан кейін он жыл бойы ешкіммен көңіл жарастырмадым»: Анджелина Джоли жеке өмірі туралы ашық айтты
Фото. Shutterstock. Автор. Featureflash Photo Agency.

«Ажырасқаннан кейін он жыл бойы ешкіммен көңіл жарастырмадым»: Анджелина Джоли жеке өмірі туралы ашық айтты


Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли алғаш рет жеке өміріне қатысты ағынан жарылып, Брэд Питтпен ажырасқаннан кейін он жылға жуық уақыт бойы жаңа қарым-қатынас бастамағанын мәлімдеді. Әйгілі актриса Yahoo! Entertainment басылымына берген сұқбатында соңғы жылдары бар назарын балаларына, отбасына және өз өмірін қайта қалыптастыруға арнағанын айтты.

«Шынымды айтсам, ажырасқаннан бері ешкіммен кездескен жоқпын. Мен үшін осы уақыт ішінде ең маңыздысы – балаларым мен отбасым болды.»

«Ажырасқаннан кейін он жыл бойы ешкіммен көңіл жарастырмадым»: Анджелина Джоли жеке өмірі туралы ашық айтты
Фото. Getty Images. Автор. Andreas Rentz

Еске салайық, Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2016 жылы қарым-қатынасын үзіп, ажырасқан болатын. Алайда олардың ұзаққа созылған сот процестері мен мүлікке қатысты даулары тек 2024 жылы ғана толық аяқталды. Алты баланың анасы соңғы он жылда махаббаттан гөрі ана рөлін бірінші орынға қойғанын жасырмады. Оның айтуынша, дәл осы кезеңде өмірінің басты мәні Мэддокс, Пакс, Захара, Шайло және егіздері Нокс пен Вивьенді тәрбиелеу болды.

Актриса бұл туралы өзінің жаңа Couture фильмі жайлы әңгіме барысында айтты. Картинада ол ауыр дерттен кейін өмірін қайта бағалап, өзін жаңаша таныған әйелдің бейнесін сомдайды.

Джолидің сөзінше, бұл рөл оның жеке өмірімен де үндеседі. Себебі 2013 жылы актриса қатерлі ісік қаупін төмендету үшін профилактикалық қос мастэктомия жасатқан болатын. Дегенмен бүгінде Джоли өмірге басқа қырынан қарай бастағанын айтады. Оның бұл өзгерісіне есейіп қалған қыздары себеп болған.

«Қыздарым қазір бойжетіп, менімен ересек адам ретінде сөйлеседі. Оларға қандай өмір тілейтінімді ойлаған сайын, өзімнің де бір кезде жоғалтып алған дүниелерімді есіме аламын. Олар мені бұрынғы қалпыма қайта жақындатып жатқандай.»

Ол енді өзін тек ана ретінде емес, нағыз бақытты әйел ретінде де қайта танығысы келетінін жасырмады.

«Қазір мен қайта өмір сүргім келеді. Қайтадан еркін болғым келеді. Өмір мені белгілі бір деңгейде өзгертті, бірақ дәл осы кезең маған өзімді қайта табуға мүмкіндік беріп жатқандай.» - деп бөлісті актриса.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше