Жанар Дұғалова қайтадан трендте: Әнші Shiza-мен дуэт жазып, ескі хитке жаңа тыныс берді
Фото. bvlbrown әнінің ресми мұқабасы.

Жанар Дұғалова қайтадан трендте: Әнші Shiza-мен дуэт жазып, ескі хитке жаңа тыныс берді


Биыл Жанар Дұғалованың прайм-эрасы! Талантты әнші тұрмысқа шығып, ана атанғаннан кейін біраз уақыт шығармашылықтан алыстаған еді. Ал 2026 жылы ол үлкен сахнаға қайта оралып, сағынған тыңдарманын өзінің ерекше өнерімен қуантты. Бүгінде Жанар еліміздегі ең ауқымды музыкалық фестивальдердің хедлайнерлерінің біріне айналды.

Сондай-ақ, әнші рэпер Shiza-мен бірге танымал Bvlbrown әніне жаңа тыныс беріп, оны заманауи форматта қайта ұсынды. Дуэт бұл нұсқаны алғаш рет Beu Fest 2026 сахнасында орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Көпшілікке бұрыннан таныс трек Жанардың нәзік вокалы мен Shiza-ның рэп партиясының үйлесімі арқылы мүлде жаңа реңкке ие болды.

Желі қолданушылары да бұл коллаборацияны жоғары бағалап, Жанар Дұғалованың музыкалық кеңістіктегі жарқын камбэгін қызу талқылауда. Бір сәтті дуэттің өзі көпшілікке таныс хитке жаңа өмір сыйлап, тыңдарманның қызығушылығын қайта оята алатынын бұл жоба тағы бір мәрте дәлелдеді.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше