Жаңа деректер: Тейлор Свифт пен Трэвис Келсе үйлену тойына келетін қонақтарға ерекше талап қойды
Фото. Instagram @taylorswift & @killatrav.

Жаңа деректер: Тейлор Свифт пен Трэвис Келси үйлену тойына келетін қонақтарға ерекше талап қойды


Әлемдегі ең көп талқыланып жатқан жұптардың бірі — Тейлор Свифт пен Трэвис Келси алдағы үйлену тойына дайындықты қызу бастап кеткен. Белгілі болғандай, ғашықтар мерекеге шақырылған қонақтарға ерекше өтініш айтқан. People басылымының мәліметінше бұл туралы америкалық футболшы, San Francisco 49ers клубының ойыншысы Джордж Киттл мәлімдеді. Оның айтуынша, Тейлор мен Трэвис қонақтардан ешқандай сыйлық әкелмеуді сұраған.

Алайда Киттл бұл ережені әзіл-қалжыңмен бұзуы мүмкін екенін де жасырмады. «Олар бізге ешқандай сыйлық әкелмеңіздер», - деді. Бірақ Трэвистің көне тиындарды жақсы көретінін білемін. Сондықтан оған сондай бір ерекше тиын сыйлап жіберсем бе деп ойлап жүрмін. Әрине, арзан болмайтын сияқты», — деді ол күліп.

Сонымен қатар спортшы болашақ жас жұбайларға ақ тілегін де арнады. «Ең бастысы — олар осы мерекенің әр сәтінен ләззат алып, ұмытылмас естеліктер жинаса екен», — деді Джордж Киттл.

Айта кетейік, Тейлор Свифт пен Трэвис Келси 2025 жылдың тамызында құда түскендерін жариялаған болатын. Шетелдік БАҚ мәліметінше, жұлдыз жұптың үйлену тойы осы жазда өтеді деп күтілуде. Той қарсаңында қос ғашық бойдақтық өмірмен де сән-салтанатпен қоштасып жатыр. Тейлор Свифт жақын құрбыларымен бірге Род-Айленд штатында демалыс өткізсе, Трэвис Келси Калифорнияда достарымен бойдақтар кешін ұйымдастырған. Кешке оның ағасы Джейсон Келси, Патрик Махоумс және Тейлордың інісі Остин Свифт те қатысқан. Жанкүйерлер енді көптен күткен жұлдыздардың үйлену тойының ресми күнін тағатсыздана күтіп отыр.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше