Балалар үшін бәрінен биік: Мақпал Исабекова экс-жолдасымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты
Фото. Instagram @makosyai.

Балалар үшін бәрінен биік: Мақпал Исабекова экс-жолдасымен қарым-қатынасы туралы ашық айтты


Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде оқырманының көптен бері көкейінде жүрген сұраққа жауап берді. Көпшілік оның бұрынғы жолдасымен қайта қосылған-қосылмағанын сұраған. Алайда өнер иесі бұл болжамдарды жоққа шығарып, бүгінгі қарым-қатынастарының басты себебі – ортақ балалары екенін айтты. «Жоқ», – деп қысқа жауап берген әнші бұрынғы күйеуімен қайта табыспағанын нақтылаған. Дегенмен ол ата-ана ретінде балаларының бақытын бәрінен жоғары қоятынын жеткізді.

Мақпалдың айтуынша, балалар ата-анасының бірге бола алмағаны үшін зардап шекпеуі керек. Сондықтан ол экс-жолдасымен арадағы жеке мәселелерді балалардың өміріне араластырмауға тырысады.

«Бізде балалар бар. Олар анасы мен әкесінің бірге бола алмағанынан жапа шекпеуі керек. Бұл – олардың балалық шағы, бірге өткізген уақыттары мен естеліктері. Қазір біз оларға бере алатын ең аз нәрсе осы», – деп жазды әнші.

Өнер иесі балалардың әкесіне деген махаббаты ешқашан өзгермеуі тиіс деп есептейді. Оның сөзінше, ұлы мен қызы анасы мен әкесін бірдей жақсы көреді және оларды таңдау жасауға мәжбүрлеу дұрыс емес. Сондай-ақ Мақпал бұрынғы жұбайы туралы балаларының көзінше ешқашан жаман пікір айтпайтынын атап өтті.

«Әкесі олар үшін әрдайым ең жақсы әке болып қала береді. Олар менен ол туралы ешқашан жаман сөз естімейді», – дейді әнші.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше