Маусым айына арналған сән жұлдызнамасы: Әр зодиак белгісіне қандай тренд жарасады?
Фото. Spotlight.

Маусым айына арналған сән жұлдызнамасы: Әр зодиак белгісіне қандай тренд жарасады?

01 июня 2026

Биыл жаз мезгілі сән әлемінде жарқын трендтерге толы болмақ. Микро-көйлектер, бандо үлгісіндегі топтар, sport-luxe эстетикасы және тағы басқа көптеген бағыттар сәнқойлардың назарында. Дегенмен, сан түрлі трендтің арасынан өзіңізге лайықтысын таңдау оңай емес. Сондықтан сән үрдістеріне астрология тұрғысынан көз жүгіртуді ұсынамыз. Harper's BAZAAR Kazakhstan маусым айында әр зодиак белгісіне қандай стиль үйлесетінін анықтап көрді.

Тоқты

Маусымдағы ретроградты Меркурий Тоқтылардан ұсақ-түйекке мұқият болуды және образдағы детальдарға ерекше мән беруді талап етеді. Алайда бұл кезең қаржылық жағдайыңызға кері әсер етпейді. Керісінше, табысыңыз артып, көптен күткен шопингке мүмкіндік туады. Сондықтан маусымда сәнді әрі трендтегі аксессуарларға инвестиция жасаған жөн.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Saint Laurent

Торпақ

Маусым Торпақтарға тыныш болса да маңызды жеңістер сыйлайды. Қызметтегі жетістіктер, қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілуі немесе ықпалды адамдардың қолдауы күтіп тұр. Дегенмен, жанжал қаупі де жоқ емес. Сондықтан жұмсақ мінез танытып, нәзік әрі жазғы образдар арқылы үйлесім сақтаңыз.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Chloé

Егіздер

Жұлдыздар Егіздерге бастамашыл болуға және мақсаттан бас тартпауға кеңес береді. Сіздің пікіріңіз де, сәнді образыңыз да назардан тыс қалмайды. Бұл айда өзіңізді басты жұлдыздай сезінуден қорықпаңыз. Ал жарқыраған алтын, күміс немесе металлик реңктегі көйлек сіздің сенімділігіңізді одан әрі арттыра түседі.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Rabanne

Шаян

Айдың басында Шаяндар күнделікті тіршілікке тереңдеп, достарымен сирек араласуы мүмкін. Алайда бұл — өз маусымыңыз алдындағы тыныш кезең ғана. Практикалық әрі жайлы киімдерге, сондай-ақ sport-luxe стиліндегі аяқ киімдерге назар аударыңыз. Мұндай образдар жазғы демалыстар мен ашық аспан астындағы пикниктерге де мінсіз жарасады.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
GUCCI

Арыстан

Арыстандардың өміріндегі үлкен серпіліске аз ғана уақыт қалды. Әзірге қаржылық жағдайды реттеп, маңызды істерге көңіл бөлген дұрыс. Айдың басы қарбалас өтсе де, ай соңында еңбегіңіздің жемісін көресіз. Өзіңізді марапаттау үшін сәнді люкс сантаңдауға болады.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Balenciaga

Бикеш

Маусым Бикештерге жеке өмірде де, мансап жолында да жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Сондықтан жан-жағыңызға мұқият қарап, интуицияңызды жиі тыңдаңыз. Ал стиль тұрғысынан трендтегі күннен қорғайтын көзілдірік басты аксессуарыңызға айналмақ.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Bottega Veneta

Таразы

Егер дипломатиялық қабілетіңізді көрсеткіңіз келсе, маусым сізге мұндай мүмкіндікті бірнеше рет ұсынады. Қызметте де, махаббатта да ымыраға келу маңызды рөл атқарады. Сән таңдауда да тепе-теңдік қажет: классикалық жейде секілді уақыт сынынан өткен базалық киімдерге басымдық беріңіз.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
JACQUEMUS

Сарышаян

Сарышаяндардың еңбегі мен жетістігі міндетті түрде бағаланады. Комплименттер, сыйақылар және мансаптық өсу мүмкіндігі күтіп тұр. Биіктерге сенімді қадаммен көтерілу үшін стильді мюли аяқ киімдерін таңдаңыз. Өйткені жайлылық пен сән қатар жүруі тиіс.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
The Row

Мерген

Маусым Мергендерге өз өмірінің режиссері болуға мүмкіндік береді. Саяхаттарды жоспарлап, ауқымды жобаларды бастап, тіпті үйлену тойын ұйымдастыруға да қолайлы кезең. Ал сән таңдауда Бьянка Джаггер стиліндегі жакет ерекше әсер қалдырады. Мұндай образды Дуа Липа секілді неке қию рәсімінде де киіп, кейін күнделікті гардеробта пайдалануға болады.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Another Tomorrow

Тауешкі

Ай соңында қаржылық қиындыққа тап болғыңыз келмесе, жұмысты бірінші орынға қойып, ірі шығындарды кейінге қалдырған жөн. Демалғыңыз келгенімен, әзірге уақыт қолайлы емес. Егер сатып алу жоспарланса, сапалы іш киім немесе боди таңдаңыз — бұл әрі пайдалы, әрі ұзақ мерзімді инвестиция.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
SKIMS

Суқұйғыш

Басқалар еңбекпен айналысып жатқанда, Суқұйғыштар жаңа көкжиектерді бағындырып, достық ортасын кеңейтеді. Саяхатқа шығуға немесе жазғы кештердің маусымын ашуға тамаша уақыт. Батыл әрі ерекше образдардан қорықпаңыз. Бұл айдың сәнді акценті — орамал-топ.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
ETRO

Балықтар

Маусымда Балықтар өзін түсінетін, рухани жақын адамдармен көбірек уақыт өткізгісі келеді. Жалғыз жүргендерге жаңа таныстықтар жасауға, ал жұп болып жүргендерге сүйіктісінің назарын қайта баурауға кеңес беріледі. Мұнда ерекше әсер қалдыратын, көз тартар сәнді белдемше көмектеседі. Ол сіздің тартымдылығыңызды айқындай түседі.

Модный гороскоп на июнь для всех знаков зодиака
Dries Van Noten

Автор. Мария Машкова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше