Қазақстандық эстрада жұлдызы Луина 39 жас мерейтойын ерекше форматта атап өтті. Әнші бұл жолы туған күн кешін өнердегі әріптестері мен ең жақын жандарының ортасында өткізген. Жыл сайын мерекесіне түрлі концепция мен тың идея ойлап табатын Луина биыл қарапайым әрі жылы атмосфераны таңдаған. Кештің негізгі түстері ретінде күлгін және көк реңктері қолданылып, басты назар визуалға емес, шоу-бағдарламаға аударылды.
Алайда кештің ең әсерлі сәті — gender party. Таяуда ғана екінші сәбиіне жүкті екенін хабарлаған өнер иесі дәл туған күн кешінде болашақ баласының жынысын жария етті. Сахнадағы ерекше шоу барысында Луина мен жұбайы Артём Обухов екінші сәбилерінің ұл болатынын білді.
Айта кетейік, жұлдыз жұптың тұңғыштары да — ұл бала. Сонымен қатар әнші әлеуметтік желідегі парақшасында бұл кешті шағын форматта өткізгісі келгенін айтып, барлық таныстары мен әріптестерін шақыра алмағаны үшін кешірім сұрады. Мерекелік кешке келген медиа өкілдері мен блогерлер әлеуметтік желіде түрлі видео жариялап, кештің қызықты сәттерімен бөлісті.