Біз наурыз айында жарық көретін жаңа кроссовкалар сіздің аяқкиім туралы көзқарасыңызды түбегейлі өзгерте алады деп сенеміз. Себебі дизайнерлік командалар бір орында тұрмайды — олар үнемі жаңа идея ұсынып, формамен де, функциямен де тәжірибе жасап келеді. Мысалы, Rier мен Salomon биік силуэтті сникерлерін таныстырса, Nike баусыз, икемді резеңке модельді ұсынды. Осыдан-ақ бір нәрсе анық: футуристік эстетика бүгінде брендтердің дизайнға деген көзқарасын айқындап отыр. Бұл, әрине, жақсы белгі. Өйткені дәл осындай батыл ізденістер аясында шын мәнінде ерекше әрі тың идеялар дүниеге келеді. Біздің пікірімізше, дәл осындай эксперименттердің арқасында Nike биыл демалуға және мазасыздықпен күресуге арналған, өзіндік антистресс-аяқкиімдерін де таныстыра алды. Harper’s BAZAAR Kazakhstan атап өткендей, наурызда шығатын жаңа кедтер мен кроссовкалар әзірге биохакинг деңгейіне жете қоймағанымен, бұл — тек уақыт мәселесі сияқты.
adidas
Converse
Nike х Veneda Carter
Converse x Anonymous Club
Nike
Rier x Salomon
Nike x Jacquemus
Salomon
Teyana Taylor x Air Jordan
YOASOBI x ASICS
Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.