XXI ғасырда махаббат бұрынғыдай тек хат жазып, кездесу күтумен шектелмейді. Қазіргі таңда адамдар бір-бірімен мыңдаған шақырым қашықтықта отырып байланыс орната алады, әлеуметтік желі арқылы танысады, онлайн сөйлесіп ғашық болады, тіпті relationship статусын tiktok пен instagram арқылы анықтайтын деңгейге жетті. Технология адам өмірінің барлық саласын өзгерткені сияқты, сезім мен қарым-қатынасқа да үлкен әсер етті.
Бүгінгі таңда махаббаттың жаңа формасы пайда болды — digital love, яғни цифрлық дәуірдегі махаббат. Бұл құбылыс әсіресе generation z арасында айқын байқалады. Олар үшін онлайн танысу, виртуалды жақындық, чат арқылы сезім білдіру — қалыпты жағдай. Бірақ технология махаббатты жеңілдетті ме, әлде күрделендірді ме? Harper’s BAZAAR Kazakhstan дәл осы тақырыпты зерттеп көрді.
Онлайн танысу — жаңа қалып
Бұрын адамдар университетте, ортақ достарының ортасында немесе кездейсоқ кездесулер арқылы танысатын. Ал қазір танысудың басты алаңы — dating-қосымшалар. Tinder, Bumble, Badoo секілді платформалар миллиондаған адамның өмірін өзгертті.
Бұрын махаббат уақыт пен тағдырға байланысты болса, қазір бірнеше swipe арқылы жаңа адам табуға болады. Бұл бір жағынан мүмкіндікті көбейтті:
- адамдар өз ортасынан тыс таныса алады;
- түрлі мәдениет пен көзқарастағы жандармен байланыс орнатады;
- ұялшақ адамдар үшін қарым-қатынас бастау жеңілдеді.
Алайда dating-қосымшалардың екінші кері тұстары да бар. Қазіргі таңда көптеген адам қарым-қатынасты «таңдау мәдениетіне» айналдырып жіберді. Бір адам ұнамаса, келесісін табу оңай. Соның әсерінен адамдар сезімге терең қарамай, бәрін уақытша қабылдай бастады.
Әлеуметтік желілер махаббатқа қалай әсер етті?
Instagram, Tiktok, Telegram, Threads — бүгінде романтикалық қатынастың ажырамас бөлігі. Адамдар сүйіктісінің парақшасын бақылайды, story қарайды, лайк санайды, «неге онлайн болып отыр?» деген сұрақтар туындайды.
Әлеужелілер қарым-қатынасты бұрынғыдан да ашық етті. Бірақ сонымен бірге:
- қызғаныш көбейді;
- салыстыру синдромы пайда болды;
- fake perfect relationship мәдениеті қалыптасты.
Қазір көптеген жұптар өз махаббатын шынайы өмір үшін емес, әлеуметтік желі үшін көрсететіндей көрінеді. Әдемі фото, романтикалық reels, жұп болып жасалатын ортақ контент — барлығы идеалды relationship иллюзиясын жасайды. Бірақ камера сыртындағы эмоция мүлде басқа болуы мүмкін.
Психология мамандарының айтуынша, әлеуметтік желіде өзгенің «мінсіз» махаббатын үнемі көру адамдардың өз қатынасына көңілі толмауына әкеледі. Яғни технология тек байланыстырып қана қоймай, эмоционалды қысым да тудырады.
Қашықтықтағы махаббат енді проблема емес пе?
Бұрын distance relationship қиын саналатын. Ал қазір video call, voice message, онлайн кино көру, ортақ playlist жасау сияқты мүмкіндіктер адамдарды жақындата түсті.
Бүгінгі жұптар:
- әр кеш сайын facetime арқылы сөйлеседі;
- бірге фильм көреді;
- күн бойы онлайн байланыста болады;
- тіпті виртуалды dating форматтарын қолданады.
Технология қашықтықты азайтқанымен, эмоционалды бос кеңістік әлі де сақталады. Себебі адамға тірі эмоция, жанасу, шынайы кездесу қажет. Экран сезімді жеткізе алғанымен, толық алмастыра алмайды.
Generation z махаббатты неге басқаша қабылдайды?
Gen z — интернетпен бірге өскен алғашқы буын. Олар үшін онлайн әлем мен офлайн өмірдің арасы өте жұқа. Сондықтан олардың махаббатқа деген көзқарасы да өзгеше.
Бұл буын:
- relationship-ке еркін қарайды;
- toxic қатынастардан тез кетеді;
- mental health-ті бірінші орынға қояды;
«red flag», «green flag», «situationship», «ghosting» сияқты жаңа терминдерді жиі қолданады.
Қазіргі жастар үшін махаббат тек романтика емес. Олар эмоционалды комфорт, жеке шекара, психологиялық тұрақтылық сияқты дүниелерге көбірек мән береді.
Сонымен қатар gen z арасында serious relationship-тен қорқу да байқалады. Себебі олар шексіз таңдау дәуірінде өмір сүріп жатыр. Әрқашан тиімді нұсқа бар сияқты көрінеді. Ал бұл фактор тұрақты қарым-қатынасқа кедергі келтіруі мүмкін.
Ghosting — digital дәуірдің ең ауыр мәселесі
Қазіргі dating мәдениетінің ең жағымсыз құбылыстарының бірі — ghosting, яғни байланысты үзе салу немесе адам еш түсіндірместен жоғалып кетеді: хабарламаға жауап бермейді, байланысын үзеді.
Бұл бұрын да болған, бірақ технология оны жиілетті. Себебі онлайн қарым-қатынаста жауапкершілік сезімі әлсіздеу. Адамдар бір-бірін экран арқылы ғана қабылдағандықтан, эмоциялық салдарын ескере бермейді.
Ghosting көптеген адамның өзін бағалауына әсер етеді:
- «менде бір проблема бар ма?» деген ой туады;
- сенім азаяды;
- жаңа қатынастан қорқу пайда болады.
Digital мәдениет адамдарды байланыстырумен қатар, эмоционалды суықтықты да қалыптастырып жатыр.
Махаббаттың мәні өзгерді ме?
Технология махаббаттың формасын өзгертті, бірақ сезімнің өзін өзгерте алған жоқ. Адамдар әлі де:
- түсіністік іздейді;
- қамқорлық күтеді;
- шынайы эмоцияға мұқтаж;
- сүйікті болғысы келеді.
Айырмашылығы — қазіргі махаббат жылдамырақ, ашығырақ әрі күрделірек болды. Бір хабарлама қарым-қатынасты бастап, бір «seen» бәрін аяқтауы мүмкін. Digital дәуір махаббатты қолжетімді етті. Бірақ шынайы сезім бұрынғыдай сирек әрі құнды болып қалды.
Бүгінде технология адамдарды жақындастырып қана қоймай, қарым-қатынас мәдениетін түбегейлі өзгертті. Онлайн танысу, әлеуметтік желідегі махаббат, қашықтықтағы қатынас, ghosting, dating-қосымшалар — мұның бәрі қазіргі заман романтикасының бір бөлігіне айналды.
Generation z махаббатты басқаша түсінеді. Олар еркіндікті, эмоциялық қауіпсіздікті және өзін жоғалтпай сүюді маңызды санайды. Бірақ қандай дәуір болса да, адам жүрегінің негізгі қажеттілігі өзгермейді: әркім шынайы сүйіспеншілік пен түсіністік іздейді.
Digital әлем қанша дамыса да, махаббат әлі де адамды ең көп толқытатын сезім болып қала бермек.