5 қазан күні Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» аренасында Димаш Кұдайбергеннің жеке концерті өтті. Бұл кеш — тек аншлаг жиналған музыкалық шоу ғана емес, сондай-ақ қазақстандық өнердің әлемдік деңгейде мойындалғанының айғағы.
Еске салсақ, «Madison Square Garden» — әлемдегі ең беделді сахналардың бірі. Мұнда Майкл Джексон, Элвис Пресли, Бейонсе, Андреа Бочелли және The Beatles сияқты аңыз тұлғалар өнер көрсеткен. Димаш бұл алаңда екінші рет ән шырқады — алғаш рет ол Нью-Йоркте 2019 жылы, Arnau туры аясында концерт берген болатын.
Нью-Йорктегі концерт Димаштың әлемдік «Stranger» турының бір бөлігі болды. Бұл сапар алғаш рет 2022 жылы Алматыда басталып, кейін жаңа тректермен толықты: «When I’ve Got You», «Smoke», «Fire», және Сәкен Сейфуллиннің өлеңдеріне жазылған әндер мен халықаралық дуэттер көрермендерге ерекше әсер қалдырды.