Picnic by Partners Астанада! Елорда қонақтарын биыл қандай тосын сыйлар күтеді?
Кадрлар авторлары: Дияр Үсенов, Анна Цой, Аида Жүсіпова, Нұршат Өзер. Нюшаның суреті. Кейіпкердің жеке мұрағаты.

Picnic by Partners Астанада! Елорда қонақтарын биыл қандай тосын сыйлар күтеді?

30 июня 2026

Ашық аспан астындағы жазғы опен-эйрлер маусымы енді Астанаға көшеді. Таяуда ғана Алматыда дүркіреп өткен Picnic by Partners елордада өз интерактивті кеңістігін қайта ашады. 5 шілде күні соңғы 12 жыл ішінде жергілікті жобадан Қазақстанның бес ірі өңірін (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау) қамтитын үлкен мәдени қозғалысқа айналған ауқымды шара қала мәдениеті мен трендтерін қалыптастырып жүрген қауымды тағы бір алаңда тоғыстырады.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
Айжан Әсемова
Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
Разия Кузиева

Бұл жобаның басты құндылығы – оның қайталанбас атмосферасында. Picnic by Partners – жай ғана музыкалық ауқымды шара емес. Бұл – сапалы нетворкингке, шығармашылық байланысқа және ашық аспан астындағы жайлы демалысқа арналған ерекше экожүйе. Ұйымдастырушылар ойын-сауық бағдарламасы мен жайлы атмосфераның арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, бір алаңда жергілікті брендтерді, креативті индустрия өкілдерін және медиахолдингтің серіктестері мен достарын біріктіреді.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
Аджиболла Аканни
Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
Балауса Ерғалина
Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане

Биыл хедлайнер кім?

Picnic by Partners шарасының музыкалық атмосферасы әрдайым өзгеше көңіл күйімен ерекшеленеді. Биыл Астананың басты қонағы – әнші Нюша. Келген меймандар ТМД-ға танымал өнер иесінің «Алматы түні», «Выбирать чудо», «Выше» және басқа да хит тректерін жанды дауыста тыңдап, ашық аспан астында бірге ән айтып, би билей алмақ.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
Кейіпкердің жеке мұрағаты.

Ауқымды шара бойы музыкалық көңіл күйді Қазақстанның танымал диджейлері қамтамасыз етпек. Олардың қатарында өз энергиясымен ерекшеленетін DJ Mado да бар.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
DJ Mado
Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане

Интерактивті аймақтарда не күтіп тұр?

Шара қонақтары үшін өнер, сән және гастрономия тоғысқан кең ауқымды интерактивті кеңістіктер әзірленді.

Art-space

Заманауи өнерді бағалайтындар мен жергілікті арт-қауымдастықтың шығармашылығымен танысқысы келетіндерге арналған ерекше кеңістік.

Pop-up Store

Қазақстандық дизайнерлердің топтамаларымен танысып, гардеробыңызға ерекше сәндік элементтер қоса алатын сән аймағы.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане
Мими Ильницкая

Мейрамханалар мен барлар галереясы

Қаланың үздік гастрономиялық жобалары ұсынылатын фуд-корт. Мұнда әртүрлі тағамдардан дәм татып, сергітетін сусындар мен авторлық коктейльдерден ләззат алуға болады.

Дәстүрлі сыйлықтар

Ауқымды шараның қалыптасқан дәстүріне сай қонақтарға тегін сусындар ұсынылады. Сонымен қатар, шектеулі мөлшерде танымал фирмалық палау да тегін таратылады.

Балаларға арналған тегін аймақ

Отбасылық демалысты таңдағандар да назардан тыс қалмайды. Кішкентай қонақтарға арналған қауіпсіз ойын алаңы, аниматорлар мен қызықты ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане

Биыл Picnic by Partners шарасының ерекше атмосферасын қалыптастыруға Lavina, Ava, Piala, Salam Cola, Chery, Hyundai, BYD, Шымкент сыра қайнату зауыты, халықаралық бьюти-ритейлер «Золотое Яблоко», JFood Kazakhstan компаниясы («Цесна» және «Сәлем!» сауда белгілері), Hennessy, Chandon, Max & Jack's, сондай-ақ Ardingly College және Coventry University серіктестік қолдау көрсетті.

Столица, готовь образы! Рассказываем все, что нужно знать о предстоящем Picnic by Partners в Астане

Ендеше ең сәнді жазғы образыңызды дайындап, билетіңізді алдын ала алып қойыңыз. 5 шілдеде Астанада өтетін Picnic by Partners шарасында кездескенше!


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Дияр Үсенов, Анна Цой, Аида Жүсіпова, Нұршат Өзер.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше