Picnic by Partners шарасының тосын сыйлары: құмалақ ашу және Harper’s BAZAAR Kazakhstan аймағындағы Fashion Game
Фото. Gemini жасанды интелектімен жасалған.

Picnic by Partners шарасының тосын сыйлары: құмалақ ашу және Harper’s BAZAAR Kazakhstan аймағындағы Fashion Game

12 июня 2026

Биыл Алматыдағы Picnic by Partners фестивалінде Harper’s BAZAAR Kazakhstan аймағының басты тақырыбы ұлттық кодқа арналды. Сондықтан біз өз тамырымызға, мәдени мұрамызға бет бұрып, қонақтар үшін ерекше әрі шынайы интерактив дайындадық — дәстүрлі қазақы құмалақ ашу рәсімі.

Көшпенділерден жеткен бұл көне тәжірибе мерекенің қарбаласынан бір сәтке алыстап, өзіңізге үңілуге, ойыңызды жинақтауға және толғандырған сұрақтарыңызға жауап іздеуге мүмкіндік береді. Мансапқа қатысты жоспарлар болсын немесе жеке өмірдегі маңызды шешімдер болсын, тәжірибелі мамандар құмалақты жайып, оның астарлы мағынасын түсіндіруге көмектеседі.

Picnic by Partners и знаки судьбы: гадание на кумалаках в зоне Harper’s BAZAAR Kazakhstan
Фото. Picnic by Partners, Анжелика Шмаргунова.

Сонымен қатар Harper’s BAZAAR Kazakhstan аймағында сән сүйер қауымға арналған Fashion Game ойыны өтеді. Бір кездері бұл интеллектуалды сән сайысында еліміздің инфлюенсерлері, актрисалары мен медиа тұлғалары бақ сынаған болатын. Енді кезек сізде.

Қатысушылар сән индустриясының тарихына қатысты қызықты сұрақтарға жауап беріп, әлемдік брендтердің күрделі әрі көпшілікке беймәлім атауларын дұрыс айтуға тырысады. Сән әлемі туралы терең білімі мен эрудициясын көрсеткен ең мықты ойыншыларды Harper’s BAZAAR Kazakhstan командасынан жағымды сыйлықтар күтеді.

Picnic by Partners и знаки судьбы: гадание на кумалаках в зоне Harper’s BAZAAR Kazakhstan
Фото. Harper's BAZAAR Kazakhstan.

Айтпақшы, фестивальге санаулы күндер ғана қалды. Picnic by Partners 13 маусым күні Almaty Resort аумағында өтеді. Сондықтан билеттеріңізді алып үлгеріңіз, көкейіңіздегі сұрақтарды дайындаңыз және Harper’s BAZAAR Kazakhstan аймағына міндетті түрде соғып, алдағы маусым сізге қандай жаңалықтар мен мүмкіндіктер сыйлайтынын бірге білейік.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше