90-жылдар стиліндегі сағаттар
Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Кэролин стилінде: 90-жылдар рухындағы сағаттар қайтадан сән сахнасына оралды

11 марта 2026

«Махаббаттың америкалық хикаясы» телехикаясының танымалдығы артқан сайын, Кэролин Бессетт-Кеннедидің стиліне деген қызығушылық та еселеп өсті. Бүгінде оның әрбір образы сән әлемінде жіті талданып, ерекше назарға ілігіп отыр. Соның ішінде марқұм fashion icon жиі таққан 90-жылдар стиліндегі сағаттар да қайтадан көпшіліктің назарын өзіне аударды. Алайда шын мәнінде, бұл модельдер ешқашан сәннен шыққан емес. Талғамы жоғары, мінсіз әрі ұстамды стильді ұстанған Calvin Klein-нің бұрынғы қызметкері зергерлік бұйымдар мен қымбат әшекейлерден гөрі, дәл осындай элегантты әрі лаконикалық сағаттарды таңдаған. Бүгінде де бұл үлгілер гардеробқа жасалатын ең ұтымды fashion-инвестициялардың бірі саналады. Металл корпусы мен былғары бауы бар классикалық сағаттар кез келген образбен үйлесіп, стильге нәзік акцент қосады. Мұны Жаклин Кеннеди де жақсы білген: ол мұндай модельдерді ұлының жары Кэролиннен әлдеқайда бұрын-ақ таңдаған. Егер сіз де өз коллекцияңызға 90-жылдар эстетикасындағы сағаттарды қосуды жоспарлап жүрсеңіз, Harper’s BAZAAR Kazakhstan назар аударуға тұрарлық ең үздік модельдерді ұсынады.

Cartier

Tory Burch

Coach

Heaven Mayhem

Baume & Mercier

Hamilton

Citizen

Longines

Michael Kors

Harper's BAZAAR мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.


Автор. Мария Бурлака. Аударған. Гүлдана Мұқан. Фото. Брендтердің баспасөз қызметі.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше